Ауа райы
Нұр-Сұлтан 15 °С
Алматы 17 °С
валюта бағамы
USD 377.33
EUR 424.68
RUB 5.92
CNY 56.17

22 жастағы қазақстандық боксшы қарсыласын нокаутпен жеңді

2019 жылдың 24 наурыз 2019 22:55 1096

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыдағы кәсіпқой бокс кешінде қазақстандық боксшы Ескендір Харсан (5-0, 4 КО) қарсыласын нокаутпен жеңді, деп хабарлайды Sports.kz.

Оның кәсіпқой рингтегі алтыншы қарсыласы грузиялық Джаба Мемишиши (8-10, 1 КО) болатын. Бұл жекпе-жек 6 раундқа созылуы тиіс еді, алайда екінші раундта Харсан қарсыласын сұлатып түсірді. Бұл раундта қазақстандық жас боксшы грузин жігітін үш рет нокдаунға жібергенін айта кету керек.  

Енді Ескендірдің қанжығасында алты жеңіс бар. 22 жастағы боксшы кәсіпқой рингте 6 жекпе-жек қана өткізгеніне қарамастан екі чемпиондық белбеуді жеңіп алған. 2017 жылдың қыркүйегінде ол жеңіл салмақтағы WBB титулына қол жеткізсе, өткен жылдың желтоқсанында осы санаттағы WBC Intercontinental «жастар» белбеуін иеленді.

Айта кетейік, 20 сәуір күні Ескендір Харсан АҚШ-тың Техас штатындағы Остин қаласында америкалық боксшы Абрахам Флореспен (3-0, 2 КО) жұдырықтасады. 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Казахстанский боксер Искандер Харсан (5-0, 4 КО) одержал шестую победу в профессиональной карьере. Он принял участие в вечере бокса в Алматы, где разделил ринг с грузином Джабой Мемишиши (8-10, 1 КО). Шестираундовый бой во втором легчайшем весе завершился победой Харсана нокаутом во втором раунде. При этом Мемишиши трижды оказывался в нокдауне после ударов казахстанца. #kaz #boxing #alga

Публикация от SPORTS.KZ (@kzsports) 24 Мар 2019 в 9:16 PDT

Автор: Жанат Қапалбаева
Басты сөздер: Спорт, Бокс, Алматы,
Жоғары қарай