Ауа райы
Астана 12 °С
Алматы 20 °С
валюта бағамы
USD 386.70
EUR 427.15
RUB 6.06
CNY 54.57

21 жастағы Ғалым Шағатай ресейлік боксшымен жекпе-жекке шығады

2019 жылдың 24 тамыз 2019 20:25

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 21 жастағы кәсіпқой боксшы Ғалым Шағатай Мәскеуде титулды жекпе-жек өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Кәсіпқой бокс қауымдастығының әлеуметтік желідегі парақшасына сілтеме жасап.

29 тамыз күні Мәскеуде кәсіпқой бокс кеші өтеді. Онда бірқатар отандық боксшылар өнер көрсетеді.

Бірінші орта салмақтағы боксшы Ғалым Шағатай титул үшін жергілікті спортшымен жұдырықтасады.

Ғалым Шағатай осы күнге дейін кәсіпқой рингте 3 жекпе-жек өткізіп, үш қарсыласын да нокаутпен жеңген. Қазақстан өкілі Тukeshov boxing промоутерлік компаниясының атынан шығады.

Айта кетейік, біз осыған дейін қазақстандық кәсіпқой боксшы Ғалым Шағатайдың 24 шілдеде Мәскеуде ресейлік Дмитрий Рахмановты 74 секундта нокаутқа жібергенін жазған болатынбыз.

Перевод Жанат Қапалбаева
Басты сөздер: Бокс, Ресей, Спорт,
Жоғары қарай