Ауа райы
Астана -3 °С
Алматы -12 °С
валюта бағамы
USD 376.51
EUR 418.91
RUB 6.13
CNY 54.90

2020 жылы республикалық бюджеттен жергілікті бюджеттерге 2 трлн теңге субвенция беріледі - Сенат Төрағасы

2019 жылдың 6 желтоқсан 2019 11:09

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2020 жылы республикалық бюджеттен жергілікті бюджеттерге 2 трлн теңгеден астам субвенция беріледі. Бұл туралы бүгін Қазақстан мәслихаттарының 25 жылдығына арналған республикалық конференцияда ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Дариға Назарбаева айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бюджет - бұл қаладағы, ауылдағы, елді мекендегі адамдардың лайықты өмір деңгейін қамтамасыз етудің басты тетігі. Мәслихат депутаттары әкімдіктермен бірге өз өңірінің, өзінің елді мекенінің бюджет қаражатын тиімді бөлу үшін бірдей жауапкершілікке ие», - деді ол.

Сенат төрағасы 2020 жылы республикалық бюджеттен жергілікті бюджеттерге 2 трлн теңгеден астам сомаға субвенция беру жоспарланып отырғанын айтты.

«Субвенция көлемінің өсімі облыстық және қалалық мәслихаттарға, тексеру комиссияларына барынша жоғары талап қояды. Басымдықтар дұрыс таңдап, сапалы жоспарлау қазақстандықтардың өмірін жақсартуда шешуі рөлге ие болады», - деді Дариға Назарбаева.

Жоғары қарай