Ауа райы
Астана 5 °С
Алматы 13 °С
валюта бағамы
USD 443.50
EUR 479.47
RUB 5.79
CNY 62.51

2020 жылы қандай халықаралық әуе рейстері ашылады

2020 жылдың 18 ақпан 2020 18:13

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде Нұр-Сұлтан және Алматы әуежайларындағы «ашық аспан» режимі туралы айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Халықаралық бағыттардағы бәсекені арттыру және авиабилеттердің құнын арзандату мақсатында өткен жылдың 1 қарашасында ҚР Президентінің тапсырмасымен еліміздің 11 әуежайында «ашық аспан» режимі енгізілді. Бүгінде Қазақстан 26 елмен 99 халықаралық бағыт бойынша әуе қатынасын жүзеге асыруда», - дейді ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Берік Қамалиев.

Ол 2019 жылдың басынан бері қазақстандық және шетелдік әуе компаниялары 12 халықаралық әуе рейсін ашқанын айтты.

«Ашық аспан» аясында жаңа 14 халықаралық әуе рейсі ашылады деп жоспарланған. Qatar Airways, LOT, Salam Air, Jazeera Airways, Air Asia және басқа да ірі компаниялар келіп, елордамыз бен Алматыны Доха, Маскат, Куала-Лумпур және басқа да қалалармен байланыстырады деп күтілуде», - дейді вице-министр.

Сондай-ақ, оның айтуынша, 2020 жылы Air Astana әуе компаниясы Алматы-Париж бағыты бойынша жаңа рейс ашуды жоспарлап отыр. Одан бөлек Алматы-Мумбаи бағытында әуе рейсін ашу мәселесі қарастырылып жатыр.


Жоғары қарай