Ауа райы
Астана -19 °С
Алматы 7 °С
валюта бағамы
USD 388.49
EUR 427.26
RUB 6.06
CNY 55.32

2020 жылы елордада зағип балаларға арналған балабақша ашылады

2019 жылдың 21 қазан 2019 03:11

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Кешкілік аралау кезінде елорда әкімі Алтай Көлгінов көру қабілеті бұзылған балаларға арналған мамандандырылған балабақшаның құрылысымен танысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына сілтеме жасап.

Мемлекет ерекше қажеттіліктері бар балаларды қолдау мәселелеріне ерекше көңіл бөледі. 90 орындық мекеме Сарыарқа ауданында орналасқан (Тұран даңғылы мен Күмісбеков көшесі). Балабақша көру қабілеті бұзылған, сондай-ақ көру қабілетін жоғалтқан балаларға арналған. Нысанды келесі жылы пайдалануға беру жоспарлануда.

Бұдан басқа, елордада көру қабілеті бұзылған балаларға арналған 2 балабақша жұмыс істейді, жаңа ғимарат ерекше қажеттіліктері бар балаларды қамтуға бағытталған.

Басты сөздер: Құрылыс, Білім, Нұр-Сұлтан,
Жоғары қарай