Ауа райы
Астана -6 °С
Алматы 11 °С
валюта бағамы
USD 389.34
EUR 428.78
RUB 6.05
CNY 55.45

2020 жылы дәрігерлер мен медбикелердің жалақысы қаншаға өседі

2019 жылдың 21 қазан 2019 16:02

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов 2020 жылы дәрігерлердің жалақысы қаншаға өсетіні туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Елбасының «Әлеуметтік қамқорлық» шараларын іске асыру шеңберінде осы жылдың 1 маусымынан бастап медицина қызметкерлерінің жалақысы 30 пайызға өсті. Жаңа бағдарлама шеңберінде 2025 жылға дейін медициналық қызметтердің тарифтерін өсіру есебінен медицина қызметкерлерінің жалақысын экономикадағы орташа жалақыдан 1-ден 2,5 есе жоғары ету көзделген», - деді Елжан Біртанов Парламент Сенатында өткен Үкімет сағатында.

Министрдің айтуынша, 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап дәрігерлердің жалақысын 30 пайызға, мейірбикелердің жалақысын 20 пайызға ұлғайту ұсыныстары қолдау тапқан.

Жоғары қарай