Ауа райы
Нұр-Сұлтан 15 °С
Алматы 17 °С
валюта бағамы
USD 378.38
EUR 431.05
RUB 6.02
CNY 55.00

2020 жылғы 1 қаңтардан 1360 округте бюджеттің IV деңгейі енгізіледі

2019 жылдың 22 сәуір 2019 18:53 812

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап тұрғындарының саны 2 мыңға жетпейтін 1360 округте бюджеттің IV   деңгейі енгізіледі. Бұл туралы бүгін Сенат депутаттарының орталық атқарушы және жергілікті өкілетті органдардың басшыларымен кездесуі барысында Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 98-қадамы шеңберінде аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер деңгейінде жергілікті өзін-өзі басқарудың дербес бюджетін енгізу тапсырылды. Бұл реформаның мақсаты - жергілікті маңызы бар мәселелерді шешуде жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қаржылық және экономикалық тәуелсіздігін арттыру және азаматтардың ауылдарды дамытуға қатысу мүмкіндіктерін кеңейту. Қазіргі уақытта екі кезеңі жүзеге асырылып жатыр. Бірінші кезеңде 2018 жылы халық саны 2 мыңнан асатын 1062 аудандық маңызы бар қалаларда, ауылдарда, кенттерде, ауылдық округтерде бюджеттің IV деңгейі енгізілді. 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап тұрғындары саны 2 мыңнан кем қалған 1360 округте енгізу жоспарланған", - деді министр.

Оның дерегінше, ауылдық округтерді бюджетпен қамтудың ең жоғары деңгейі Түркістан облысында 96, Алматы облысында 74 және Жамбыл 73 пайызды құрайды. Ең аз қамтылған Павлодар, Қарағанды  және Қызылорда облыстары болып отыр.

"2018 жылдың қорытындысы бойынша дербес бюджеті бар ауылдық округтердің жалпы табысы 129 млрд теңгеге дейін жетті. Оның ішінде жеке кірістер 32 млрд теңгені, трансферттер 97 млрд теңгені құрайды. Ел бойынша бір ауылдық округтің орташа бюджеті 122,4 млн теңге болды", - деді Р.Дәленов.

 

 

Автор: Марлан Жиембай
Басты сөздер: Сенат, Бюджет,
Жоғары қарай