Ауа райы
Астана 0 °С
Алматы 3 °С
валюта бағамы
USD 385.76
EUR 427.89
RUB 6.04
CNY 54.79

2020 жылға ел экономикасын әртараптандыруға 2 трлн теңге бөлінеді – Әлихан Смайлов

2019 жылдың 15 қараша 2019 15:31

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыда ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрі Әлихан Смайловтың қатысуымен «Қаржы нарығы және Қазақстан экономикасының нақты секторы» тақырыбында конференция өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шара барысында ел экономикасын әртараптандыру және модернизациялау мақсатында жасалып жатқан жұмыстар сөз болды. Сондай-ақ негізгі көрсеткіштер мен нәтижелер айтылды.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауында 2025 жылға қарай ЖІӨ көлемін 5% көтеру үшін құрылымдық өзгерістер жүргізу қажеттігін айтқан болатын. Осы мақсатта Үкімет тұрақты негізде бірқатар шаралар атқарып жатыр. Экономиканы әртараптандыруға және модернизациялауға, ортамерзімді кезеңде тіршілікті қамтамасыз ету инфрақұрылымын жаңартуға 4,7 трлн теңге қарастырылған. Оның ішінде 2020 жылға 2 трлн теңге бөлініп отыр», – дейді ол.

Ә.Смайыловтың айтуынша, «қарапайым заттар экономикасын» дамытып, жеке кәсіпкерлерді қолдау мақсатында екінші деңгейлі банктердің қатысуымен 600 млрд теңге ұсынылды. Бүгінде құны 210 млрд теңге болатын 360 жоба банктің қарауында тұр. Сондай-ақ құны 180 млрд теңге болатын 508 жоба мақұлданған. Нәтижесінде, 2025 жылға қарай 16 мың жаңа жұмыс орны ашылып, салық түсімі 1,1 трлн теңгеге жетпек.

Сонымен қатар мемлекеттің экономикаға қатысу деңгейін қысқартуға байланысты және «Yellow Pages Rules» принципін қамтамасыз ету үшін кешенді жекешелендіру жоспары бекітілген. Қазіргі таңда оның 92% орындалған. Осы ретте, жалпы құны 543 млрд теңге болатын 499 нысан сатылған. Ал «Астана» Халықаралық қаржы орталығы соңғы 2 жыл бойы ірі қаржылық қызметтер мен капиталдарды ұсынып отыр.

Жоғары қарай