Ауа райы
Астана 25 °С
Алматы 30 °С
валюта бағамы
USD 384.87
EUR 432.52
RUB 6.11
CNY 55.95

2019 жылы жастарға қанша пәтер беріледі

2019 жылдың 20 маусым 2019 12:40 2151

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Парламенті  палаталарының бірлескен отырысында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев Жастар жылында іске асырылатын жобалар туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Министр биылғы жыл Елбасының шешімімен Жастар жылы болып жарияланғанын еске салды. Осы орайда ағымдағы жылы 89 жобаны іске асыру қарастырылған.

«Атап айтқанда, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігімен бірлескен жоба бойынша жұмыс істейтін жастар үшін ірі қалаларда бір мың пәтер беріледі. «Жастар - ел тірегі» жобасы аясында, «Жас маман» және «Жас кәсіпкер» жобалары ауқымында, яғни Бідім және ғылым министрлігімен, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен бірлесе отырып бір миллионға жуық жас азаматтарымыз қамтылады», - деді министр.

Осы орайда Д. Абаев аталған жобалар аясында жастар біліктілікті арттыру шараларымен қамтылатынын, өздерінің бизнестерін ашу үшін шағын несиелер алатынын атап өтті.

 

 

 

Жоғары қарай