Ауа райы
Астана 26 °С
Алматы 21 °С
валюта бағамы
USD 414.46
EUR 451.35
RUB 5.77
CNY 58.12

2019 жылы мемлекеттік сатып алуда рекордтық үнем болды

2020 жылдың 12 наурыз 2020 13:05

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2019 жылы мемлекеттік сатып алу тарихында рекордтық үнем болды. Бұл туралы бүгін Мәжілісте «Мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілеріне толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» заң жобасының таныстырылымында ҚР Қаржы вице-министрі Руслан Бекетаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2018 жылғы 26 желтоқсандағы Заңмен қабылданған өзгерістерді ескере отырып, «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңның орындалу барысы туралы қысқаша айтып беруге рұқсат етіңіздер. Біріншіден - бұл өткізілмеген конкурстар бойынша бір көзден сатып алуға тыйым салу. Нәтижесінде бір көзден сатып алудың жалпы үлесі 2018 жылы 72 пайыздан 2019 жылы 49 пайызға дейін, ал бәсекелестік сатып алу бойынша тиісінше 51 пайыздан 13 пайызға дейін айтарлықтай қысқарды«, - деді вице-министр.

Сондай-ақ оның дерегінше, 2019 жылы мемлекеттік сатып алу тарихында мемлекеттік сатып алу қорытындысы бойынша 361 млрд теңге үнемделді.

»Бұл ретте соңғы 3 жылда үнемдеудің жалпы сомасы 1 трлн теңге болды«, - деді Руслан Бекетаев.

Айта кетейік, Қаржы министрлігі ұсынған деректерге сәйкес, мемлекеттік сатып алу барысында 2016 жылы 173 млрд, 2017 жылы 250 млрд, 2018 жылы 311 млрд және 2019 жылы 361 млрд теңге үнемделген.


Жоғары қарай