Ауа райы
Астана -4 °С
Алматы 9 °С
валюта бағамы
USD 376.40
EUR 427.36
RUB 5.86
CNY 56.08

2019 жылы Қазақстанда өтімді болған көліктер

2019 жылдың 19 ақпан 2019 10:34 1080

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2019 жылдың қаңтарында Қазақстанда 3 227 автокөлік шығарылды. Олардың арасында жеңіл және жүк көліктері, автобус техникасы мен арнайы машиналар да бар. Бұл туралы ҚазАқпарат «ҚазАвтоӨнеркәсіп» автокөлік саласындағы кәсіпорындар одағына сілтеме жасап хабарлайды.

Есепті кезеңде Қазақстанда шығарылған көліктердің жалпы құны 21 млрд теңгеге бағаланып отыр. Жалпы, жеңіл автомобиль өндіру 52,3 пайызға өсіп, 3 109-ға жетті.

Қаңтарда отандық автозауыттар 2 389 көлікті өткізіп, бұл көрсеткіш былтырға қарағанда 79,4 пайызға жоғары болды. Жергілікті өндірістегі автомобильдерді сатып алуға тұрғындар 15,8 млрд теңге жұмсады.

Аталған мерзімде Қазақстанда құрастырылған жеңіл көліктердің арасында сұранысқа ие брендтердің бестігіне Lada (1 013 көлік), Hyundai (790), KIA (320), Chevrolet (71) және Skoda (47) енді. Отандық кәсіпорындар ұсынатын маркалардың тізімінде JAC (17) и Peugeot (2) бар екенін атап өткен жөн.

Бұдан бұрын хабарланғандай, 2018 жылы Қазақстанда 32 298 автокөлік шығарылды.

 

 

Автор: Руслан Ғаббасов
Басты сөздер: Көлік, Өнеркәсіп,
Жоғары қарай