Ауа райы
Нұр-Сұлтан 18 °С
Алматы 19 °С
валюта бағамы
USD 378.38
EUR 431.05
RUB 6.02
CNY 55.00

2018 жылы Қазақстанда жаңа баспана 2,1% қымбаттады

2019 жылдың 8 қаңтар 2019 21:54 706

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда 2018 жылғы желтоқсанда жаңа баспананың 1 шаршы метрінің бағасы 266 863 теңгені құрап, өткен аймен салыстырғанда 0,4%, 2017 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 2,6%, өткен жылдың қаңтар-желтоқсанына қарағанда 2,1% өскен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетіне сілтеме жасап.

Абаттандырылған баспананың 1 шаршы метрінің орташа бағасы желтоқсан айында 185 965 теңге (өткен жылдың қарашасымен салыстырғанда 0,2%, былтырғы желтоқсанмен салыстырғанда 1,9% өскен), ал абаттандырылмаған үйдің 1 шаршы метрі орта есеппен 114 523 теңге (сәйкесінше +0,2%, +2,4%) болды.

Өткен айда Қазақстанда жайластырылған үйдің 1 шаршы метрін жалға алудың орташа бағасы 1384  теңгені (+0,1%, +6%) құрады.

 

 

Басты сөздер: Тұрғын үй, Статистика,
Жоғары қарай