Ауа райы
Нұр-Сұлтан 19 °С
Алматы 21 °С
валюта бағамы
USD 378.38
EUR 431.05
RUB 6.02
CNY 55.00

2018 жылы «Бәйтерек» монументін жарты миллионнан аса адам тамашалаған

2019 жылдың 8 қаңтар 2019 23:30 1020

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Астана-Бәйтерек» монументі - Қазақстанның астанасының символы әрі қаланың көрікті орындарының бірі. Өткен жылы 500 мыңнан аса Астана қонақтары мен туристер осы нысанға барып, қаланың сол жағалауын биіктен тамашалаған, деп хабарлайды қалалық мәдениет және спорт басқармасы.

Ресми мәліметтере сүйенсек, 2018 жылы «Бәйтерек» монументіне 584465 адам экскурсиялаған. Нысанды тамашалауға келген халық саны, әсіресе, жаз айларында күрт артты. Шілде айында 106902 келуші тіркелген. Тамызда «Бәйтеректі» 97 мыңға жуық қонақ көрсе, маусымда бұл көрсеткіш - 78 мыңнан асқан.

«Бәйтерек» монументі 2002 жылы салынды. Құрылыстың биіктігі - 100 метр, конструкцияның басындағы шармен қоса алғанда - 105 метр. Шардың диаметрі - 22 метр.

Айта кетейік, елордада «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізу кезінде монументке келушілер саны рекордты көрсеткішке жеткен. Жарты жылдың ішінде, 2017 жылдың мамыр-желтоқсан айларында монументті 500 мыңнан аса адам тамашалаған. 

 

 

Басты сөздер: Туризм, Нұр-Сұлтан,
Жоғары қарай