Ауа райы
Астана 25 °С
Алматы 28 °С
валюта бағамы
USD 343.06
EUR 402.38
RUB 5.49
CNY 51.34

2017 жылы Қазақстан астық экспортын 9,1 млн тоннаға жеткізбек

2017 жылдың 12 желтоқсан 2017 13:20 1528

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2017 жылы Қазақстан астық экспортын 9,1 млн тоннаға жеткізбек, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жылдың қорытындысы бойынша астық эквивалентінде 9,1 млн тоннаға жуық астық пен ұнды экспорттау жоспарланып отыр. Бұл көрсеткіш өткен жылға қарағанда 400 мың тоннаға артық», - деп нақтылады Ауыл шарауашылығы вице-министрі Нұржан Әлтаев Парламент Мәжілісі Аграрлық мәселелер комитетінің отырысында.

Осы орайда желтоқсан айында жүк жөнелтушілер 1,3 млн тонна астық пен ұнды экспорттауды қарастырып отыр. Бұл мақсатта 16,5 мың вагон қажет болмақ, яғни 11 940 астық тасымалдайтын вагон мен 4 776 жабық вагон қамтамасыз етілуі тиіс.

«Қазақстан темір толы» тарифі тәулігіне бір вагонға 9 000 мың теңге деңгейінде белгіленді. Қазақстандық астықтың бәсекеге қабілеттігін арттыру үшін 1 қаңтардан бастап Қазақстан ішінде астықты тасымалдау субсидияланады. Осы шараларға 9,7 млрд теңгеге тарта қаржы бөлінеді», - деп түйіндеді Н. Әлтаев.

 

 

Жоғары қарай