Ауа райы
Астана -1 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 389.75
EUR 434.26
RUB 6.12
CNY 55.05

20 сәуір күні Қазақстанда өтетін маңызды шараларға шолу

2019 жылдың 19 сәуір 2019 20:15

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігі 20 сәуірде Қазақстан қалаларында өтетін маңызды шаралар шолуын ұсынады.

НҰР-СҰЛТАН

Сағат 10.00-де Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Мәдениет және спорт министрлігімен бірге су полосы мен жүзу бойынша алғашқы турнирді ұйымдастырады. Іс-шараға СІМ басшылығы, ҚР МСМ спорт және дене шынықтыру комитетінің төрағасы Серік Сәпиев, Олимпиада чемпиондары, су полосынан КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері Сергей Котенко және Еркін Шагаев, сондай-ақ Қазақстан Республикасының ұлттық компанияларының қызметкерлері, Қазақстан Республикасындағы дипломатиялық корпус және спорт шеберлері қатысады.

ЕСКЕРТУ:

Ертең, яғни 20 сәуірде Нұр-Сұлтанда өткізілуі жоспарланған «Бүкілқазақстандық ағаш отырғызу күні» акциясы ауа райының қолайсыздығына байланысты басқа күнге шегерілді.

АЛМАТЫ

Сағат 11.00-де «Алматы электротранс» автопаркінің аумағында тоқсан сайын ұйымдастырылатын есеп беру кездесуі өтеді. Оны бас директордың орынбасары Елшібаев Нұрлан Мейрамұлы жүргізеді.

Автор Аян Бекенұлы
Басты сөздер: Алматы, Қоғам, Нұр-Сұлтан,
Жоғары қарай