Ауа райы
Астана 21 °С
Алматы 18 °С
валюта бағамы
USD 386.82
EUR 428.67
RUB 5.86
CNY 54.95

2 тамыз күні Қазақстанда өтетін маңызды оқиғаларға шолу

2019 жылдың 1 тамыз 2019 20:10 136

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігі 2 тамыз күні Қазақстанда өтетін маңызды оқиғалар шолуын ұсынады.

НҰР-СҰЛТАН

Сағат 9.00-де Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Тұрғын үй қоры» КММ кеңсесінің алдында тұрғын үйге кезегінде тұрған 36 отбасы «Нұрлы Ертіс» бағдарламасын бойынша елордадан Екібастұзға қоныс аударады.

Сағат 16.00-де ҚР Ұлттық музейі Жастар жылы аясында жас суретшілер шығармашылығын қолдау мақсатында  «ArmandaStar» топтық көрмесін ашады.

Сағат 17.00-де ҚР Әділет министрі Марат Бекетаев азаматтық сектор өкілдерімен әлеуметтік маңызы бар сұрақтарға қатысты сот актілерін орындау, сондай-ақ, заң қызметтерін көрсету саласындағы өзекті мәселелерді талқылайды.

АЛМАТЫ

Сағат 11.00-де С.Сейфуллин атындағы Мемлекеттік өнер мұражайында «Ұлы Дала өрнектері» көрмесінің ашылуы өтеді. Көрме 2019 жылдың 30 тамызына дейін жалғасады.

 

Автор Есімжан Нақтыбай
Басты сөздер: Қоғам,
Жоғары қарай