Ауа райы
Астана -2 °С
Алматы 21 °С
валюта бағамы
USD 389.98
EUR 434.01
RUB 6.10
CNY 55.04

2 сәуір күні Қазақстанда өтетін маңызды шараларға шолу

2019 жылдың 1 сәуір 2019 19:30

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігі Қазақстанда 2 сәуірде өтетін маңызды шаралар шолуын ұсынады.

НҰР-СҰЛТАН

Сағат 09.00-де Үкімет үйінде Үкімет отырысы басталады. Күн тәртібінде алғашқы медициналық-санитарық көмек көрсету сапасы мен қолжетімділігі, ветеринарлық және фитосанитарлық қауіпсіздік мәселелері талқыланады.

Сағат 09.00-де «Редиссон» отелінде 10-шы тау-геологиялық МАЙНЕКС Қазақстан форумы басталады.

Сағат 09.00-де «Rixos President Astana» қонақ үйінде «Экономикалық және геосаяси тәуекелдер аясындағы жаһандық шикізат нарықтары» атты S&P Global форумы басталады.

Сағат 11.00-де ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында (Нұр-Сұлтан қаласы, Достық көшесі, 11 «Конституция» залы) Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVII сессиясын даярлауға арналған республикалық кеңейтілген кеңес өтеді.

Сағат 11.00-де «Дарын» орталығында аутизм мәселелері бойынша ақпараттарды тарату Бүкіләлемдік күніне орай елордалық «Дарын» АВА-орталығы аутизм бойынша акция өткізеді.

Сағат 14.00-де «Барыс Арена» баспасөз орталығында «Барыс» хоккей клубның президенті Борис Иванищев пен команданың бас бапкері Андрей Скабелканың БАҚ өкілдерімен ресми кездесуі өтеді.

Сағат 15.00-де Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде «Жемқорлықсыз ұрпақты тәрбиелеудегі руханияттың рөлі» атты диалог алаңы ұйымдастырылады.

Сағат 15.00-де Гумилев атындағы ЕҰУ-да Динара Сәдуақасованың атындағы кубок өтеді.

Сағат 15.30-да Сенатта Қаржы және бюджет жөніндегі комитеттің кеңейтілген отырысы өтеді. Отырыста «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2019-2021 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», «2019-2021 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының заңнамасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобалары талқыланады.

Сағат 15.30-да Сенатта Экономикалық саясат, Инновациялық даму және кәсіпкерлік жөніндегі комитеттің кеңейтілген отырысы өтеді.


АЛМАТЫ

Сағат 11.00-де Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында «Аутизм проблемасы туралы ақпарат таратудың бүкіләлемдік күні» қайырымдылық концерті өткізілетін болады.

Сағат 11.00-де «Интерфакс Қазақстан» агенттігінің баспасөз орталығында «Қазақстандағы лизингтің негізгі мәселелері және оларды шешу жолдары» тақырыбында баспасөз конференциясы өтеді.

Сағат 15.00-де Алматы Towers бизнес-орталығында Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы (АФК) Қазақстандық қор биржасымен (KASE) бірлесіп, Сізге Exclusive.kz интернет-журналы және East Point консалтингтік компаниясы жүргізетін қазақстандық бағалы қағаздар нарығының зерттеу нәтижелерінің таныстырылымына шақырады.

КӨКШЕТАУ

Сағат 15:00-де Өңірлік коммуникациялар қызметінде Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының жастармен жұмыс үйлестіру бөлімінің басшысы Дамир Іргебаев және жастар ресурстық орталығы басшысының міндетін атқарушы Гүлзат Бекбауова журналистермен «Ақмола облысында жастар жылын өткізудің жол картасы» тақырыбында брифинг өткізеді.

Жоғары қарай