Ауа райы
Астана -4 °С
Алматы 7 °С
валюта бағамы
USD 389.98
EUR 434.01
RUB 6.10
CNY 55.04

2 пайыздық ипотека: Қанша отбасы пәтер алады

2019 жылдың 7 қазан 2019 11:59

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі арқылы жылдық 2 пайыздық несиемен 5 мың отбасының баспана жағдайы жақсартылады. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Аз қамтылған көпбалалы отбасыларына, толық емес отбасылар мен мүмкіндігі шектеулі балалары бар отбасыларына Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі арқылы жылдық 2 пайыз бойынша кредит беру басталды. Бұл 5 мыңнан астам отбасының тұрғын үй жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді», - деді Б. Атамқұлов Парламент Мәжілісінде «Нұрлы жер» бағдарламасының жүзеге асырылуына арналған Үкімет сағатында.

Оның сөзіне қарағанда, ағымдағы жылдың 1 қазанында республикада 3864 өтінім қабылданды, соның ішінде 33 млрд теңге сомасындағы 3236 өтінім мақұлданды.

Сонымен бірге, ҚР Тұңғыш Президентінің тапсырмасы бойынша Жастар жылы аясында биыл Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларындағы жұмыс істейтін 3 мың жастар үшін үш мыңнан кем емес жалға берілетін пәтер құрылысы басталды. 2021 жылға дейін 9 мың жалға берілетін пәтер салу жоспарланған.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Үкімет сағатында 2019 жылы көпбалалы отбасыларға 8 мыңнан аса пәтер берілетіні айтылды.

Жоғары қарай