Ауа райы
Астана -8 °С
Алматы 7 °С
валюта бағамы
USD 389.34
EUR 428.78
RUB 6.05
CNY 55.45

19 маусым күні Қазақстанда өтетін маңызды шаралар

2019 жылдың 18 маусым 2019 20:53

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігі Қазақстанда 19 маусым күні өтетін маңызды шараларға шолуын ұсынады.

НҰР-СҰЛТАН

Сағат 9.15-те Рэдиссон қонақ үйінде туберкулезді интеграциялық бақылау бойынша Орталық Азиядағы төртінші халықаралық конференция өтеді.

Сағат 10.00-де ҚР Парламент Мәжілісінің жалпы отырысы болады.

Сағат 15:00-де Bolashaq талқылау клубы «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ ғимаратында ҚР Президентінің сайлауы, митингтер және басқа да мәселелерін талқылайды.

Сағат 15.00-де ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында ерекше қажеттілігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту мәселелері бойынша баспасөз конференциясы өтеді.

Сағат 15.00-де Нұр-Сұлтан қаласындағы Ұлттық академиялық кітапханада Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Жансейіт Түймебаевтың төрағалығымен Ассамблеяның Ғылыми-сараптамалық кеңесінің кеңейтілген отырысы жұмысын бастайды.

Сағат 15.40-та Қарашығанақ жобасында жергілікті қамтуды дамытуға бағытталған «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б. В.» компаниясы мен Honeywell корпорациясы арасындағы өзара түсіністік жөніндегі меморандумға қол қою рәсімі басталады.


АЛМАТЫ

Сағат 09.00-де «Тұран» университетінде Алматы қаласы қоғамдық кеңесінің отырысы өтеді.

Сағат 11.00-де Азаматтық орталықта «Қазақстан - 2050» Алматы қаласының демократиялық күштері коалициясы кезектен тыс президент сайлауының қорытындысын және мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бағдарламалық нұсқауларын талқылайды.

Сағат 14.00 -де Алматы алаңында «Бұрынғы Кеңес Одағының халықтары: Ұлы Отан соғысы мен Ұлы Жеңіске бірге» тақырыбында Алматы- Мәскеу-Минск бейнекөпірі өтеді.

Сағат 14.30-да «Алматы-1» теміржол вокзалын қайта жаңартуға қатысты қоршаған ортаға әсерді бағалау бойынша тыңдау өтеді.

Сағат 15.00-де «Aurora Space» әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры кеңістігінде Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесіне міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакетін (МӘМС) және тегін кепілді медициналық көмектің жаңа модельдегі көлемін (ТМККК) енгізу мәселелері талқыланады.

Сағат 19.00-де «Esentai mall» сауда ойын-сауық орталығында қазақ тіліне дубляждалған «Ойыншықтар тарихы-4» фильмінің алдын ала көрсетілімі өтеді.

Сағат 19.00-де Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрында Тұңғыш Президент - Елбасы Қоры лауреаттарының «Жүректегі арманмен-шыңға шығу жолында» атты концерті басталады.


ШЫМКЕНТ

Сағат 08.20-да Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымовтың қатысуымен алғашқы муниципалдық автобус паркі ашылады.


АҚТӨБЕ

Сағат 14:00-де «Жұбановтар әлемі» шығармашылық орталығында әнші Нұрлан Абдуллиннің қайырымдылық концерті өтеді.

Автор Есімжан Нақтыбай
Басты сөздер: Қоғам,
Жоғары қарай