Ауа райы
Астана -6 °С
Алматы -2 °С
валюта бағамы
USD 387.14
EUR 428.18
RUB 6.06
CNY 55.23

19 қазан күні Қазақстанда өтетін шараларға шолу

2019 жылдың 18 қазан 2019 20:12

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 19 қазанда Қазақстанда өтетін маңызды шаралар шолуын ұсынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

НҰР-СҰЛТАН

10.00-де ҚР Сауда және интеграция министрлігі «Атамекен» ҰКП және АО «Сауда саясатын дамыту орталығы »QazTrade« АҚ бірлесіп, тауар өндірушілер үшін «Экспорттаушының интернет мектебі» бағдарламасын іске қосады.

10.00-де Хан Шатыр маңындағы алаңда Солтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылық жәрмеңкесі өтеді.

11.00-де ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында алаштанушы-ғалым, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры Қайрат Сақтың «Алаш көсемсөзі: шаруашылық мәселесі» және «Елу деген бір белес» кітаптарының таныстырылымы өтеді.

15.00-де «Астана» концерт залында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің және «Nur Otan» партиясының қолдауымен «Береке бірлігіңде, Елім» атты республикалық ақындар айтысы өтеді.

19.00-де «Жастар» театрында У.Шекспирдің «Асауға тұсау» комедиясы қойылады.

АЛМАТЫ

9.00-13.00 аралығында Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында дұрыс тамақтану тақырыбына арналған «Аман Келешек» фестивалі өтеді.

9.00-де «Алматы Арена» спорт кешенінде Қала әкімдігі ұйымдастырған «Jasyl Almaty» жалпықалалық экологиялық акциясы өтеді.

11.00-де ҚР Ұлттық кітапханасында «Невада-Семей» халықаралық антиядролық қозғалысы дөңгелек үстел өткізеді.

19.00 Almaty Gallery ғимаратында заманауи суретшілер Марат Ягфаров пен Ғалымжан Балсарының «КОНТРАСТ» көрмесі ашылады.

15.00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Студенттер сарайында «Қазақстанның волонтерлер лигасы» қоғамдық қоры «Volume Up» волонтерлер форумын өткізеді.

16.00-де Абай атындағы қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрында Алматыдағы Ballet Globe Gala шарасы туралы баспасөз мәслихаты өтеді.

Автор Айжан Серікжанқызы
Басты сөздер: Қоғам,
Жоғары қарай