Ауа райы
Астана 18 °С
Алматы 32 °С
валюта бағамы
USD 384.52
EUR 431.32
RUB 6.10
CNY 55.89

17 мың шымкенттік мемқызметтерді Telegram арқылы алған

2019 жылдың 17 маусым 2019 21:53 740

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Елімізде мемлекеттік қызметтер ұсынатын телеграмдағы EgovKzBot-қа биыл бір жыл толып отыр. Осы уақыт аралығында бұл қызмет түрін 17 мыңнан астам шымкенттік пайдаланып үлгеріп, оларға 47 мыңнан астам қызмет түрі көрсетілген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Шымкент қаласы бойынша филиалының баспасөз қызметі Алтынай Татаеваның айтуынша, бүгінде миллионнан аса  тұрғыны бар шаһар халқы  үшін  боттағы қызметтер мен сервистер саны 25-ке жеткен. Оны қолданушылар жақын жердегі ХҚО-да кезек брондап, өзін борышкерлер тізімінен тексере алады. Тұрғындарға қажетті деген  наркологиялық, психоневрологиялық, туберкулезге қарсы диспансерлер есебінде тұрмауы жөніндегі анықтамалар да орталықтардан беріліп, дәрігер қабылдауына онлайн түрінде жазылуға мүмкіндік жасалған. Бот арқылы анықтамаларды бір минуттың ішінде алып, керекті электрондық поштаға жолдауға да болады.

«Тұрғындарға қажетті анықтамаларды ХҚО-ға бармай-ақ алуға болады. EgovKzBot Telegram-ботының тұрақты пайдаланушысы болу үшін азаматтар тек бір рет мобильдік азаматтар базасында тіркелуі қажет. Мұны egov.kz электронды үкімет порталының жеке кабинетінде немесе кез келген ХҚО-да жасауға болады»,- дейді Алтынай Татаева.

 

 

Жоғары қарай