Ауа райы
Астана 5 °С
Алматы 14 °С
валюта бағамы
USD 443.50
EUR 479.47
RUB 5.79
CNY 62.51

16 жастағы қазақстандық ауыр атлет Азияның ең үздік спортшысы атанды

2020 жылдың 20 ақпан 2020 11:30

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 16 жастағы қазақстандық ауыр атлет Рахат Бекболат жастар арасында Ташкентте өткен Азия чемпионатының ең үздік спортшысы атағына ие болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы Қызылорда облыстық спорт басқармасының баспасөз хатшысы мәлім етті.

«Рахат Бекболатқа 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер мен 20 жасқа дейінгі жастар арасындағы Ташкентте өткен Азия чемпионатының ең үздік спортшысы атағы берілді! Құттықтаймыз! Жарайсың, Сыр спортшысы!» делінген хабарламада.

Айта кетейік, қызылордалық ауыр атлетика мектебінің тәрбиеленушісі аталған Азия біріншілігінде қоссайыс қорытындысы бойынша 356 келі (158+198) көтеріп, қарсыласынан 14 келіге озып кетті. Осылайша, 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер мен 20 жасқа дейінгі жастар арасында чемпион атанды. «Серпе көтеру» жаттығуында жасөспірімдер арасында әлемдік рекорд орнатты.

Осылайша, Рахат Бекболат Ташкентте өткен Азия чемпионатының ең үздік спортшысы атағына қол жеткізді.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін хабарлағанымыздай, ауыр атлетикадан жастар мен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатына Азия құрлығының 20 елінен 14 әйелдер және 18 ерлер командасы қатысқан болатын. Қазақстаннан 10 ауыр атлет қатысып, олардың барлығы жүлделі орындарға ие болды. Жалпы, біздің команда 9 алтын, 2 күміс және 3 қола медаль жеңіп алды.


Автор Күнсұлтан Отарбай
Басты сөздер: Спорт,
Жоғары қарай