Ауа райы
Астана 0 °С
Алматы 3 °С
валюта бағамы
USD 386.30
EUR 428.14
RUB 6.08
CNY 54.87

16 қарашада ел аумағының басым бөлігінде жел күшейіп, бұрқасын болады

2019 жылдың 16 қараша 2019 02:19

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» РМК 16 қарашадағы ауа райы болжамын ұсынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сенбі күні ел аумағының басым бөлігінде антициклон жотасының әсерінен жауын-шашынсыз ауа-райы күтіледі, тек солтүстік-батыс, солтүстік, шығыс және оңтүстік-шығыс бөлігінің тауларында кей жерлерде қар жауады. Кей жерлерде жел күшейіп, көктайғақ, тұман, жаяу бұрқасын күтіледі.

Ақмола облысының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын болуы ықтимал, жел 15-20 м/с күшейеді.

Жамбыл, Түркістан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді, Түркістан облысында екпіні 23 м/с. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, күндіз кей жерлерде көктайғақ болады, басым бөлігінде жел 15-20, күндіз екпіні 25 м/с күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын, түнде жел 15-20, екпіні 23 м/с жетеді.

Павлодар, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді, Қостанай облысының кей жерлерінде көктайғақ, жаяу бұрқасын болуы мүмкін.

Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.

Басты сөздер: Аймақ, Қазгидромет, Ауа райы,
Жоғары қарай