Ауа райы
Астана 19 °С
Алматы 22 °С
валюта бағамы
USD 386.04
EUR 427.77
RUB 5.88
CNY 54.45

15 шілде. Туған күн иелері

2019 жылдың 15 шілде 2019 08:08 195

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат 15 шілдеге арналған «Туған күн иелері» күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР

62 жыл бұрын (1957) ҚР Парламенті Сенатының депутаты Дуйсенғазы Мағауияұлы МУСИН дүниеге келді.

Семей облысының Жарма ауданы Ильинка ауылында туған. Қазақ ауыл шаруашылығы институтын (1979) агроном мамандығы бойынша; қазақ гуманитарлық заң университетін (2004) заңгер мамандығы бойынша бітірген. 1979 жылдан - В.И. Ленин атындағы ұжымшардың тұқым өсіруші-агрономы, бас агрономы (Семей облысы Жарма ауданы Игоревка ауылы). 1985-1988 жылдары - ШҚО Жарма ауданы ауыл шаруашылық бөлімінің меңгерушісі. 1993 жылы - Жарма ауданы Жарық ауылы асыл тұқымды кеңшар директоры, 1996 жылы - «Қалбатау» асыл тұқым зауыты» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы. 2001 жылы - ШҚО Жарма ауданының әкімі. 2009 жылы - Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданының әкімі болды. Сенат депутаты болып сайланғанға дейінгі соңғы қызметі - Шығыс Қазақстан облысы әкімінің аграрлық мәселелер бойынша орынбасары. 2017 жылғы маусымда ҚР Парламенті Сенатының депутаты болып сайланды.

61 жыл бұрын (1958) Қожа Ахмет Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің ректоры Болатбек Серікбайұлы  ӘБДІРАСЫЛОВ дүниеге келді.

Биология ғылымдарының докторы, физика-математика ғылымдарының кандидаты. Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының құрметті академигі, Қазақстан Республикасы жаратылыстану ғылымдары академиясының, Ресей жаратылыстану ғылымдары академиясының, Халықаралық жоғары мектеп академиясының академигі. Білімі жоғары. Н.В.Гоголь атындағы Қызылорда педагогика институтын және Мәскеу Экономика және статистика университетінің Қашықтан оқыту институтын бітірген.
1980-1986 жылдары - Мәскеу облысындағы СССР ҒА Биофизика институтының стажер-зерттеушісі, аспиранты. 1986-1994 жылдары - Н.Гоголь атындағы Қызылорда педагогика институтының оқытушысы, доценті, деканы, проректоры. 1994-1996 жылдары - Ресей ғылымдар академиясы Жасуша биофизикасы институтының аға ғылыми қызметкері. 1996-2000 жылдары - Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің бірінші проректоры, ректоры. 2000-2001 жылдары - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақпарат және тестілеу орталығының директоры. 2001-2004 жылдары - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры. 2004-2007 жылдары - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы қадағалау мен аттестациялау комитетінің төрағасы. 2007-2010 жылдары - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы. 2010 - 2012 жылдары - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жауапты хатшысы. 2012 - 2016 жылдары - ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры. 2017-2018 жылдары ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің төрағасы болды.

Қазіргі қызметінде - 2018 жылдың маусымынан.


Ресей, Австралия, Голландия, Оңтүстік Корея, АҚШ-тың жетекші журналдарында 60-тан астам ғылыми жұмыстары жарық көрген.
«Құрмет» орденімен наградталған. Ресей Жаратылыстану ғылымдары академиясының П.Л.Капица атындағы естелік медалімен марапатталған.

47 жыл бұрын (1972) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» ҰАҚ басқармасы төрағасының орынбасары Біржан Уәлиұлы ЖҮНІСОВ дүниеге келді.

Қарағанды облысының Ұлытау ауданының Аманкелді ауылында туған. 1995 жылы - Жезқазған педагогика институтын «қазақ тілі және әдебиеті мамандығы» бойынша бітірген. 2005 жылы - Қарағанды қаржы институтын «есеп және аудит мамандығы» бойынша тәмамдаған.

1995-1996 жылдары - Жезқазған облыстық тілдер басқармасында мемлекеттік тіл бөлімінің жетекші маманы. 1996-1997 жылдары - Жезқазған облыстық халықты әлеуметтік қамсыздандыру басқармасының зейнетақы қоры ісі бөлімінің I санатты маманы. 1997-2002 жылдары - зейнетақы төлеу мемлекеттік орталығының (ЗТМО) Жезқазған қалалық филиалында бас маман, операциялық бөлім бастығы, төлемдер бөлімінің бастығы. 2002-2003 жылдары - Жазқазған қаласында «Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры» ЖАҚ өкілдігінің директоры. 2003-2004 жылдары - ЗТМО-ның Қарағанды облыстық филалының Жезқазған қалалық бөлімінде басшы.  2004-2006 жылдары - ЗТМО-ның Қарағанды облыстық филалының Сәтбаев қалалық бөлімінде басшы. 2006-2007 жылдары - Жезқазған қаласындағы «Асар» РОО өкілеттігінің директоры. 2007-2011 жылдары - ЗТМО Алматы қалалық филиалы директорының орынбасары. 2011-2014 жылдары - ЗТМО Алматы қалалық филиалы директоры. 2014 жылдың қыркүйегі - 2019 жылдың сәуірі - ЗТМО РМҚК бас директоры. 

2019 жылдың 25 сәуірінен - «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» ҰАҚ басқармасы төрағасының орынбасары


41 жыл бұрын (1978) «Казахстанская правда» республикалық газеті» АҚ басқарма төрағасы Вячеслав Валентинович ПАЩЕНКО дүниеге келген.

Алматы мемлекеттік университетінің орыс филологиясы факультетін, қаржы және несие мамандығы бойынша Экономика және құқық академиясын бітірген (2005).

Еңбек жолы: ҚР Премьер-Министрі бірінші орынбасарының кеңесшісі; «Бизнес-Партнер» экономикалық мультимедиялық порталының бас редакторы; «Интерфакс-Казахстан» бас редакторы.

Қазіргі лауазымын 2016 жылғы қыркүйектен бері атқарып келеді.

Басты сөздер: Күнтізбе,
Жоғары қарай