Ауа райы
Астана 14 °С
Алматы 20 °С
валюта бағамы
USD 386.70
EUR 427.15
RUB 6.06
CNY 54.57

15 қыркүйектен бастап Атырау автобустарында жаңа тариф енгізіледі

2019 жылдың 24 тамыз 2019 22:38

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау автобустарында сараланған тариф 15 қыркүйектен бастап енгізілетін болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Осы уақытқа дейін жаңа тариф 1 қыркүйекте енгізіледі деп жоспарланып келген болатын.

«Уақытты ауыстыру себебіміз – халық сараланған тариф жөнінде әлі де көп біле бермейді. Әсіресе, жеңілдігі бар жолаушылар. Көпбалалы аналар, зейнеткерлер, оқушылар мен студенттер жол картасын әрқайсысы өз атына рәсімдеп, 500 теңгеден сатып алуы тиіс. Оны тек мүгедектер ғана сатып алмайды. Көлік картасын әзірлеу біраз уақытты алады. Сонымен қатар, соңғы аптада халық дүрлігіп, жол картасына қатысты қарбалас туындады. Сөйтіп бір аптада ғана қала тұрғындары 27 мыңнан астам картаны сатып алып үлгерді», - дейді «Смарт Атырау» мемлекеттік коммуналдық мекемесінің директоры Әділбек Танкиев.

Еске сала кетейік, сараланған тариф енгізілген соң жолақы қолма-қол төлеген жағдайда – 150 теңге, картамен төлесе – 80 теңге болады.

Жоғары қарай