Ауа райы
Астана -23 °С
Алматы -7 °С
валюта бағамы
USD 380.84
EUR 419.50
RUB 6.05
CNY 54.90

15 елдегі 17 сайлау учаскесінде дауыс беру жүріп жатыр

2019 жылдың 9 маусым 2019 08:32

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 15 шетелдегі 17 сайлау учаскесінде дауыс беру жүріп жатыр. Бұл туралы бүгін ҚР Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Сәбила Мұстафина айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

"Сағат 08-00-де еліміздің барлық аймақтарында сайлау учаскелері дауыс беруге кірісті. Ол - 9 920 учаске. Оның ішінде 15 мемлекетте 17 сайлау учаскесі бар. Олар: Оңтүстік Корея, Жапония, Малайзия, Қытай, Моңғолия, Сингапур, Тайланд, Индонезия, Қырғызстан, Ресей, Пәкістан, Түрікменстан, Өзбекстан, Үндістан және Тәжікстан. Аталған учаскелерде тізімге енгізілген сайлаушылардың саны 11 947 995 сайлаушы",- деді Сәбила Мұстафина.

Оның айтуынша, учаскелік сайлау комиссиялары берген есептен шығару куәлігі 35 951 адамға берілген. Бұл сайлаушылар аталған куәліктен кез келген басқа сайлау учаскесінде жеке куәлігі мен есептен шығару куәлігін көрсету арқылы дауыс бере алады.

Айта кетерлігі, Орталық сайлау комиссиясы Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 10-00-ден бастап қанша азаматтың дауыс бергендігі туралы ақпаратты әрбір екі сағаттан кейін беріп отырады.

Жоғары қарай