Ауа райы
Астана -8 °С
Алматы 3 °С
валюта бағамы
USD 376.73
EUR 427.36
RUB 5.75
CNY 56.07

+15°C: Түркістан облысына көктем келді

2019 жылдың 17 қаңтар 2019 16:30 623

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Түркістан облысында күн күрт жылынды. «Қазгидромет» орталығының мамандары қазір Түркістан облысында ауа температурасы +14 +16 градусқа дейін жеткенін айтса, ұялы телефонда ауа температурасы +21 градусты көрсетіп тұр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазгидромет» РМК Түркістан облыстық филиалы метеоболжау бөлімінің бастығы Әсия Қыдырбаеваның сөзінше, Шымкент пен Түркістан облысында қазір ауа температурасы +13+15 градус болып тұр.

«Мәселен, Қазығұрт ауданында +14, Жетісай ауданында +12 жылықты көрсетіп тұр. Әдетте мұндай температура оңтүстік өңірде күн суытардың алдында болады. Ертең түске дейін Шымкентте +11+12 градус болып, секундына 23-25 метр жылдамдықпен қатты жел тұрады. Түркістан облысы аумағында да қатты жел тұрып, түс ауа жаңбыр жауады деп болжануда. Ауа температурасы -2 -4 градусқа дейін суытады. Қаңтардың 19-нан 20-сына қараған түні қар жауып, 20-22 қаңтар аралығында -3 -8 кей жерлерде -11-16 градусқа дейін аяз болады»,- дейді Әсия Қыдырбаева.

null

Сала мамандарының сөзінше, мұндай температура оңтүстік өңірде қалыпты жағдай. Бірақ басқа аймақтармен салыстырғанда қыс мезгіліне жылы (аномальный) саналады. Ал, қаңтар айындағы ең жылы температура +16 градус болды.



null 

null 

null 

Жоғары қарай