Ауа райы
Астана -14 °С
Алматы -4 °С
валюта бағамы
USD 376.77
EUR 408.46
RUB 5.95
CNY 53.98

1411 ақпарат орталығы он күнде 26 мыңнан астам халыққа қызмет көрсетті

2020 жылдың 11 қаңтар 2020 02:02

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Биылдан бастап 24/7 режиміне көшкен «1411» байланыс орталығы арқылы 10 күннің ішінде 26 мыңнан астам отандасымызға еңбекпен қамту және әлеуметтік қолдауға қатысты ақыл-кеңес берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жаңа жылдың алдында «1411» байланыс орталығында болдым. Ол 1 қаңтарда жұмысын бастады. Байланыс орталығы 10 күн бойы штаттық режімде жұмыс істеді. Осы уақыт аралығында «1411» байланыс орталығы 26 мыңнан астам адамға еңбекпен қамту және әлеуметтік қорғау бойынша консультация берді. Бүгін аталған орталыққа барып, материалдық-техникалық базаны жабдықтау және операторларды оқыту мен қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша ауқымды жұмыс атқарылғанына көзім жетті. Қандай да бір сұрақтарыңыз болса «1411» байланыс орталығына қоңырау шалыңыздар, ол тәулік бойы жұмыс істейді», - деп жазды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Нариман Мұқышев өзінің Facebook парақшасында.

Бұған дейін аталған ақпарат орталығының тәулік бойы қызмет көрсететінін хабарлаған болатынбыз.


Жоғары қарай