Ауа райы
Астана -1 °С
Алматы -3 °С
валюта бағамы
USD 384.63
EUR 427.98
RUB 6.08
CNY 54.68

14 қарашада Нұр-Сұлтан мен Алматыда өтетін маңызды шаралар

2019 жылдың 13 қараша 2019 21:56

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігі Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында 14 қараша күні өтетін маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

НҰР-СҰЛТАН

9.00-де «Park Inn Hotel Astana» қонақүйінде халықаралық сауда статистикасы туралы еуразиялық семинар өтеді.

10.30-да Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің кезекті отырысы басталады.

12.20-да Орталық коммуникациялар қызметінде Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындыларына арналған баспасөз мәслихатын өткізеді.

14.30-де «Rixos President Astana» қонақүйінде «ЭЫДҰ-ның Қазақстандағы жасыл даму көрсеткіштеріне негізделген ұлттық баяндама» семинар-презентациясы өтеді.

15.00-де «Қазақстанда инклюзивті қоғамды қалыптастыру жолында» атты дөңгелек үстел отырысы ұйымдастырылады.

АЛМАТЫ

10.00-де Ядролық физика институтында нейтронды рентгенография және томография қондырғысын пайдалануға беру бойынша семинар болады.

11.00-де Almaty қонақүйінде ТТ (Think Tank Club Aspandau) пікірталас клубы зейнетақы реформасы туралы пікір алмасады.

12.00-де Қазақстанның Баспасөз клубында диабеттік ретинопатия проблемаларына арналған баспасөз мәслихаты өтеді.

15.00-де Абай атындағы Қазақ мемлекеттік опера және балет театрында «Абай» операсының Ажар ариясы туралы жетекші солист Зарина Алтынбаеваның клипінің жабық таныстырылымы өтеді.

Автор Айжан Серікжанқызы
Басты сөздер: Қоғам,
Жоғары қарай