Ауа райы
Астана 15 °С
Алматы 17 °С
валюта бағамы
USD 354.12
EUR 416.73
RUB 5.37
CNY 51.65

13 шілде. ҚазАқпарат күнтізбесі: Атаулы күндер, оқиғалар, есімдер

2018 жылдың 13 шілде 2018 06:50 687

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат оқырмандарына 2018 жылғы 13 шілдеге арналған күнтізбесін ұсынады.

13 шілде, ЖҰМА

Ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерлері күні 

1992 жылы 13 шілде күні ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) құрылды.

Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының бірыңғай жүйесін - ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті және оның құрамына кіретін департаменттер мен өзге де құрылымдық бөлімшелер, ҰҚК-нің облыстар бойынша, республикалық маңызы бар қала мен елордадағы аймақтық органдары, оларға бағынышты қалалық және аудандық басқармалар (бөлімдер, бөлімшелер), сондай-ақ әскери контрбарлау, ҰҚК-нің «Барлау» қызметі, ҰҚК-нің Шекара қызметі, арнайы мақсаттағы құрылымдар, ғылыми-зерттеу мекемелер және өзге де ұйымдар құрайды. 

Білім беру мекемелері - Алматыдағы ҰҚК академиясы және ҚР ҰҚК әскери институты. ҰҚК академиясының түлектері міндетті түрде шетел тілдерін меңгеріп, заңгер және шұғыл әрекет етуші мамандығын алып шығады.

Черногория мемлекеттілігі күні

1878 жылы Берлин конгресінде Черногория әлемнің 27-ші тәуелсіз мемлекеті ретінде танылды. Осы оқиғаға орай 13 шілде күні аталған мереке белгіленген.

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

1922 жылы Қазақ атқару комитетінің III сессиясында Прокурорлық қадағалау және адвокатура туралы ережелер қабылданып, РСФСР Қылмыстық кодексінің қалың малға, мал ұрлығына тыйым салуға, адам етін жеуді аяусыз жазалауға қатысты IX бөліміне толықтырылулар енгізілді.
1995 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Алматы қаласында Тәуелсіздік ескерткішін орнату туралы» қаулысы жарық көріп, сәулетші Ш.Уәлиханов басқаратын авторлар тобы әзірлеген жоба мақұлданды.
2001 жылы Алматыда Орта Азиядағы Penal Reform International (Халықаралық түрме реформасы) өкілдігі тіркелді.
2005 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Бурабай демалыс аймағындағы «Көкшетау» саябақ-қонақ үйінің ашылу рәсіміне қатысты.
Қонақ үй кешені Жеке Батыр тауының етегінде, Шортанды көлінің оңтүстік-батыс жағалауында орналасқан. 4 қабатты ғимаратта 33 жайлы нөмір бар. Мұнда отбасымен демалуға, сондай-ақ кеңестер, семинарлар және мәслихаттар ұйымдастыруға болады. Қонақүйде 20 метрлік бассейн, тренажер залы, бильярд клубы, сондай-ақ заманауи жабдықталған кинозал бар.
2007 жылы Қарағандының бұрынғы Наркомхоз ғимаратына Қазақ КСР еңбек сіңірген шахтері, мемлекет қайраткері Файзолла Серғазинге арналған мемориалдық тақта орнатылды.
Файзолла Серғазин (1910-1971) Мәскеу тау-кен институтын, Көмір өнеркәсіп академиясын бітірген соң, көп жылдар бойы Қарағандының көмір бассейнінде қызмет атқарды. Өндірісте қызмет атқарып, ғылыми жұмыспен айналысты. КСРО-ның екі орденімен, бес медалімен, КСРО Жоғарғы Кеңесінің бес Құрмет грамотасымен, ІІ дәрежелі «Шахтер даңқы» белгісімен марапатталған.
2007 жылы Тараздың облыстық ұлттық қауіпсіздік органдарының тарихи мұражайы ашылды.
Көрмеге Кеңес өкіметі құрылған кезден осы күнге дейінгі Ұлттық қауіпсіздік органдарының тарихын баяндайтын фотоматериалдар, мұрағаттық құжаттар, жеке заттар қойылды. 1936 жылы Жамбыл облысы ашылды және нақ сол жылы Қазақ КСР Министрлер кеңесі жанында Мемлекеттік қауіпсіздік комитеті Жамбыл облысы бойынша бөлімі алғаш құрылды. 1978 жылы бөлім Қазақ КСР-нің Мемлекеттік қауіпсіздік комитеті Жамбыл облысы бойынша басқармасы деп өзгертілді. Қазақстан егемендігін жариялағаннан кейін 1992 жылғы шілденің 13-де Қазақстанның Мемлекеттік қауіпсіздік комитеті Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті деп өзгертілді. 1996 жылы Ұлттық қауіпсіздік комитеті басқармасының базасында Жамбыл облыстық департаменті құрылды.

Экспозицияның орталық бөлігі еліміздің ұлттық қауіпсіздік органдарын құруда үлкен еңбек сіңірген, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа арналды. Осы жерде еліміздің мемлекеттік нышандары - Елтаңба, Ту және Қазақстан Республикасы Әнұранының мәтіні, сондай-ақ Ата заң - еліміздің Конституциясы, Жолдаулар және Қазақстан Республикасы Президентінің кітаптары, заңнамалық актілер қойылған.
2009 жылы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Еуразиялық экономикалық қоғамдастыққа мүше-мемлекеттерде инвестицияларды өзара қорғау және ынталандыру туралы келісімді бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

2009 жылы ҚР елшілігі Венгриядағы халықаралық Шығыс халықтары фестивалінің құрметті төрағасы болды.

2015 жылы Алматыда Қазақ тағамтану академиясының денсаулыққа пайдалы тағамдарының таныстырылымы өтті. Олар бие сүтінен жасалған және құрамында трансизомерлік май қышқылы жоқ.

2015 жылы «Қазпошта» АҚ интернет-дүкендерден пошта тарифтерін онлайн режимде үздіксіз қабылдай алатын API модуль жасап шығарды. Оның көмегімен интернет-дүкендердің клиенттері тауардың үйге, бөлімшеге немесе постаматқа дейінгі жеткізу әдісін таңдап, бағасын есептей алады. Интернет-дүкеннен тауарды сатып алу кезінде, клиент керекті мекенжайын жазған соң модуль автоматты түрде әртүрлі жеткізу әдістері мен тарифтерін көрсетеді.

2017 жылы Астанада ҚР Қарулы Күштерінің әскери-тарихи музейінің залында «Алтын адамның» көшірмесі, Жамбыл Жабаевтың домбырасы мен жеке заттары, Балпық бидің дулығасы және өзге де ерекше экспонаттар қойылды.

Көрме барысында экскурсия жетекшілері келген қонақтарға қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде көрме жәдігерлерінің тарихы жайында айтты. Мәселең, XVIII ғасырда жекпе-жектерде Балпық би киген дулығасын оның ұрпақтары ұзақ уақыт бойы сақтап келіп, 1980 жылдардың аяғында музейге сыйға тартқан. Ал 1930 жылдары Өзбекстанның жас әрі талантты суретшісі жыр алыбы Жамбылға мулине жіптерінен өрілген ақынның жеке портретін тарту еткен.

1837 жылы Виктория ханшайым Букингем сарайына көшіп келді. Осыдан кейін аталған сарай Ұлыбритания корольдерінің негізгі резиденциясына айналды.

1897 жылы Гульельмо Маркони радиоға патент алды.

1908 жылы Лондонда IV Олимпиада ойындары ашылды. Оған тұңғыш рет әйелдер қатысты.

1923 жылы Лос-Анжелесте Маунт-Ли тауының бөктерінде «Hollywood» жазуы пайда болды. Алғашқыда ол «Hollywoodland» болып жазылды және оның киноға еш қатысы болмады. Жазу жаңа тұрғын ауданының жарнамасы ретінде орнатылған болатын. Бірақ ол бірден туристердің назарын аударта бастады.
Жазуды орнатуға тапсырыс берген «Лос-Анджелес Таймс»-тың басшысы Гарри Чандлер осы жұмысқа 21 мың АҚШ долларын төлеген. «Hollywoodland» сөзі электр шамдарымен жарықтандырылып тұрды, ал күндіз оның әріптерін 40 шақырым жерден көруге болды. Hollywoodland-ты бір жарым жыл ғана жарнамалау жоспарланған болатын, бірақ ол жазу осы күнге дейін өз орнында тұр. 1949 жылы жазба қайта жөндеуден өткізіліп, оның соңғы 4 әрпі алынып тасталды.
1930 жылы Уругвайда тарихта алғаш рет футболдан Әлем чемпионаты басталды. Уругвай спорттық жарысты өткізу орны ретінде кездейсоқ таңдап алынбады. Бұл елдің құрамасы Парижде 1924 жылы өткен VIII Олимпиада ойындарының және 1928 жылы Амстердамда өткен ІХ Олимпиаданың жеңімпазы болды. Осыдан кейін бұл латынамерикандық ел көрермендері ең танымал спорт түрі - футболдан алғашқы әлем чемпионатын өткізу құқығына ие болды.

Айта кетейік, алғашқы мундиальде алаң иелері - Уругвай құрамасы жеңіске жетіп, футбол тарихында Әлем чемпионы атағына қол жеткізген алғашқы команда атанды.
ЕСІМДЕР


68 жыл
 бұрын (1950-2007) жазушы КӨБЕНТАЕВ Әлібек дүниеге келді.
Қарақалпақстан Республикасының Нүкіс қаласында туған. Хожелі педагогикалық училищесін, Ресейде Таганрог мемлекеттік педагогика институтын бітірген. 1997 жылы тарихи Отанына оралып, орта мектептерде мұғалім болып істеген. «Нұрлы ағыс», «Көргенді перзент» кітаптарының, «Алағадалы кеш» әңгіме, повесть жинақтарының, «Пән апталықтары», «Оқушы-практиканттарға ескертпе» ғылыми-әдістемелік кітапшалардың авторы. М.Дулатовтың «Қазақ қайдан шыққан?» кітабын аударған.








65 жыл
бұрын (1953) «Мектеп» баспасы» АҚ бас директоры - САТЫБАЛДИЕВ Ерлан Әбенұлы дүниеге келді.

Ол Алматы қаласында туған.

1975 жылы М.Горький атындағы Әдебиет институтының аудармашылар даярлайтын бөлімін аяқтаған. Республикалық «Жазушы» баспасында редактор, «Жалын» баспасында аударма бөлімінің меңгерушісі, «Интербук» бірлескен кәсіпорнының, «Өнер» баспасының директоры, Қазақ теледидары мен радиосы республикалық корпорациясының президенті болып қызмет істеген. Қазір «Мектеп» баспасының бас директоры.

Қазақ жазушыларының шығармалары мен қазақ ауыз әдебиетінің бірқатар туындыларын орыс тіліне аударған. Жамбыл атындағы халықаралық жүлденің иегері, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Грамотасымен, Қазақстан Республикасының медальдарымен марапатталған.



62 жыл
бұрын (1956) «Атамекен» Қазақстан картасы» МКҚК этно-мемориалдық кешенінің директоры АЛТЫБАЕВА Алма Қуандыққызы дүниеге келді.

Ол Семей облысы, Жарма ауданы, Михайловқа селосында туған. Білімі: Алматы халық шаруашылығы иституты (1985), мамандығы (экономист) - бухгалтерлік есеп. Мектепті бітіргеннен кейін Алматы қаласының есеп-кредит техникумына түсті. КСРО мемлекеттік банкі жүйесінде жұмыс істеп жүріп, сырттай Алматы халық шаруашылығы иститутын бітірді. Жалпы жұмыс өтілі - 35 жыл. Банк ісі жүйесіне үлкен үлес қосты. Жұмысын қарапайым бухгалтерден бастап, Алматы аймақтық басқармасының есептеу-кассалық орталығының бастығына дейін көтерілді. Одан әрі Бюджеттік банк төрағасының орынбасары, ҚР ҚМ Қазынашылығы төрағасының орынбасары, Республикалық Қазынашылық төрағасының орынбасары. 5 жыл бойы Астана қаласының Қазынашылық басқармасын басқарды. Астана қаласы Қаржы департаменті директорының орынбасары қызметін атқарды. 2007-2014  жылдары  Астана қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасынының бастығы лауазымында болды.

Қазіргі қызметінде - 2014 жылдың қыркүйек айынан бері. 

«Астана», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл», «Астанаға 10 жыл» медальдарымен марапатталған.



51 жыл
 бұрын (1967) ақын, публицист, журналист ҚАЛҚА Нұрлан Нұрахметұлы Асы жайлауында (Алматы облысы) дүниеге келді. 

Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетiнiң журналистика факультетiн бітірген.

Қазақстан Журналистер Одағының және Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесi. Баубек Бұлқышев атындағы сыйлықтың лауреаты, «Астана-Бәйтерек» республикалық конкурсының жеңімпазы.

1990 - 1992 жылдары «Жетiсу» газетiнде тiлшi, 1992 - 1997 жылдары «Жас Алаш» газетiнде тiлшi, бөлiм редакторы, редакция алқасының мүшесi. 1997 - 2001 жылдары ҚР Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлігі Бұқаралық ақпарат құралдары департаментi Мерзiмдi баспасөз бөлiмiнiң бас маманы. 2001 - 2008 жылдары ҚР Премьер-Министрi Кеңсесiнiң Үкiметтiк ақпарат бөлiмiнiң консультанты, ҚР Премьер-Министрi баспасөз қызметiнiң консультанты, ҚР Премьер-Министрi баспасөз қызметi жедел-техникалық қамтамасыз ету секторының меңгерушiсi қызметтерін атқарды. 2008 - 2014 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті Баспасөз қызметінің сектор меңгерушісі, инспекторы. 2014 жылғы мамырдан Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының кеңесшісі қызметінде.

Елбасы Жарлықтарымен мемлекеттік қызметтегі ұзақ жылғы мінсіз қызметі үшін «Қазақстан Конституциясына 10 жыл», «Астананың 10 жылдығы», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медальдарымен наградталған. 

Ақынның «Аққу-жүрек», «Жыл - он екі ай», «Отыз бесінші шілде», «Мизам шуақ» атты жыр кітаптары, «Ұлттық журналистиканың саңлағы» атты зерттеулер, новеллалар, әңгімелер жинағы жарық көрген. Өлеңдер топтамалары «Қазақстан жас ақындарының антологиясы», «Қос iшек» жыр жинақтарына, әңгімесі «Арман қанатында» атты әңгімелер жинағына енген. Қаламгердің құрастыруымен «Сейтек сарыны», «Ырымдар және түс жору», «Астана - жыршуағым», «Бал бөбекке бәсіре» атты кітаптар жарық көрді.



47 жыл
бұрын (1971) Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісі Халықаралық байланыстар және хаттама бөлімінің меңгерушісі ҚАСЫМБЕКОВ Талғат Амангелдіұлы дүниеге келді.      

Білімі: Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, филолог, орыс тілі мен әдебиетінің оқытушысы мамандығы; Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы, мемлекеттік қызмет менеджері; Мемлекеттік саясаттың ұлттық мектебі (Қазақстан)/Ли Куан Ю атындағы Мемлекеттік саясат мектебі (Сингапур), мемлекеттік және жергілікті басқару магистрі.

Еңбек жолы: 1993-1998 жылдары Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде шет тілдер кафедрасының оқытушысы болып қызмет істеді. 2000-2001 жылдары - ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің бас маманы. 2001-2012 жылдары - ҚР Парламенті Мәжілісі аппараты халықаралық байланыстар және хаттама бөлімінің бас консультанты, бөлім меңгерушісінің орынбасары қызметтерін атқарды. 2012 жылдың қаңтар айында ҚР Парламенті Мәжілісі аппараты халықаралық байланыстар және хаттама бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды. Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен және бірқатар мерекелік медальдармен наградталған.

 



null 37 жыл
бұрын Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары ОСПАНҚҰЛОВ Ғабидолла Абдоллаұлы дүниеге келді.

Шымкент облысында туған. 2002 жылы Қазақ гуманитарлық заң университетін, 2007 жылы Қазақстан-Ресей университетін Астана қаласында бітірген.

2015 жылы «Мемлекеттік басқару» мамандығы бойынша Бирмингем университетінің (Ұлыбритания) магистр дәрежесін алды.

Еңбек жолын «Евразия Консалтинг» жеке компаниясында заңгер көмекшісі болып бастаған. Бұдан кейін ҚР Парламенті Сенаты депутатының көмекшісі; ҚР Парламенті Сенатының Әлеуметтік-мәдени даму комитетімен байланыстар бөлімінің бас кеңесшісі; ҚР Президенті Әкімшілігінінің Парламенттегі Президент өкілдігінің сектор меңгерушісі; Павлодар облысы Екібастұз қаласы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары; Павлодар облысының білім беру саласында бақылау департаментінің директоры; ҚР Білім және ғылым министрлігінің Әкімшілік жұмыстар және жастар істері жөніндегі департаментінің директоры; ҚР Білім және ғылым министрлігі Жастар істері комитетінің төрағасы; ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Жастар саясаты департаментінің директоры болып қызмет атқарған.

2017 жылдан бері қазіргі қызметінде.

 

 

Басты сөздер: Күнтізбе,
Жоғары қарай