Ауа райы
Астана 8 °С
Алматы 18 °С
валюта бағамы
USD 389.59
EUR 429.06
RUB 6.05
CNY 55.07

12 сәуір күні Қазақстанда өтетін маңызды шаралар

2019 жылдың 11 сәуір 2019 19:55

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігі Қазақстанда 12 сәуірде өтетін маңызды шараларға шолуды ұсынады.

НҰР-СҰЛТАН

10.00-де «Rixos President Astana» қонақ үйінде Тау-кен және металлургиялық кәсіпорындар қауымдастығы ұйымдастырған «Қазақстан Республикасына үздік қолжетімді технологияларды енгізу» тақырыбында семинар өтеді.

11.00-де Ақордада Мемлекеттік хатшы М.М. Тәжиннің төрағалығымен ҚР Президенті жанындағы қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі Ұлттық комиссияның отырысы өтеді.

11.00-де Кәсіподақтар федерациясында саяси партиялардың өкілдері, ҮЕҰ, кәсіподақтар, саясаттанушылар мен әлеуметтанушылардың қатысуымен «ҚР Президенттігіне кезектен тыс сайлау - 2019» тақырыбында сараптамалық кеңес өтеді.

11.00-де Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялар орталығында Еуропалық Одақ Орталық Азиямен ауа сапасын басқару саласында өз тәжірибелерімен бөліседі.

11.00-де Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының ашық отырысы өтеді.

15.00-де ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығында ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдайлар туралы оперативті орталық ашылады.

19.00-де Ұлттық Ғарыш Орталығында өтетін «World Space Party» шарасы аясында қонақтарға НАСА-ның Халықаралық Ғарыш станциясынан түсіріліп жіберген Қазақстан аймақтарының фотосуреттері көрсетіледі.

АЛМАТЫ

10.30-да Ғылым ордасында Ғылым қызметкерлері күніне арналған салтанатты шара өтеді.

11.00-де Алматы қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасында ардагерлік ұйымдардың өкілдері кездеседі.

Автор Айжан Серікжанқызы
Басты сөздер: Қоғам,
Жоғары қарай