Ауа райы
Астана 27 °С
Алматы 27 °С
валюта бағамы
USD 386.34
EUR 427.25
RUB 5.88
CNY 54.57

12 елдің жас ғалымдары «Бурабай форумға» жиналды

2019 жылдың 6 тамыз 2019 16:17 187

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры жанындағы ғылыми кеңес жас ғалымдарға арналған III «Burabay Forum: Қазақстанның халықаралық ынтымақтастығы» халықаралық форумын ашты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Burabay Forum – жыл сайын түрлі мемлекеттен жиналған 100-ден астам жас ғалымдардың инновация, ғылым және білім саласындағы өзекті мәселелерді талқылайтын диалог алаңы. Форум аясында отандық және шетелдік ғалымдар өзара тәжірибе алмасады.

«Форум тақырыбы жастарға арналған. Менің ойымша, болашағын ойлаған кез келген мемлекет үшін жастар мен жастар бастамаларын қолдау маңызды деп ойлаймын. Барлық мемлекет үшін адами капитал мен жастар болашақтағы табыс факторы болып саналады. Өркениет жаңа кезеңге қадам басты. Технологиялар өндірісті, экономиканы, бизнесті, білім беру мен денсаулық сақтауды өзгертті. Бүгінде 18-30 жас аралығындағы 300 млн жастың тұрақты жұмысы жоқ, ондаған жылдардан соң мамандықтардың 50% жасанды зерде алмастырады. Бұл өте маңызды сын-қатер. Қазір еңбек нарығының пішіні мен механизмі өзгеріп жатыр. Биыл ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы қоры жастарға қатысты 90 шара өткізеді», - деді Елбасы қорының атқарушы директоры Әсет Исекешев форумның ашылу салтанатында.




Оның айтуынша, Елбасы қоры Үкіметпен, министрліктермен және өңірлермен бірлесіп, жас таланттарды қолдайтын көптеген жобаларды жүзеге асырады.

«Сонымен бірге, шет мемлекеттерде тұратын қазақстандықтарды шақырғымыз келеді. Жас ғалымдар өз елдерін дамыту бағдарламаларында маңызды рөл атқаруы қажет. Бүгінгі қатысушылар да тәжірибелерімен бөлісіп, қарар мен ұсынымдар әзірлейді деп үміттенеміз», - деді Әсет Исекешев.

Биылғы Burabay Forum қатысушылары 12 елден – Қазақстан, Армения, Беларусь, Мажарстан, Қытай, Қырғызстан, Литва, Ресей, Тәжікстан, Түркия, Өзбекстан, Украина және Франциядан келді.

Төрт күндік слет барысында жаңа функционалдық материалдар мен технологиялар, Қазақстан Еуразияның әлеуметтік-саяси және тарихи-мәдени кеңістігінде, маркетинг пен логистикадағы Digital-технологиялар, ХХІ ғасырдағы агроөнеркәсіп кешені тақырыптары талқыланады.




Жоғары қарай