Ауа райы
Астана 1 °С
Алматы 7 °С
валюта бағамы
USD 388.70
EUR 428.70
RUB 6.08
CNY 55.46

12 дүркін әлем чемпионы Ақтөбеде басқарма басшысы болып тағайындалды

2019 жылдың 14 қазан 2019 14:12

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ұлттық экономика министрлігі Бәсекелестікті қорғау және дамыту комитетінің облыстық департаменті мен облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасына жаңа басшы тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұлттық экономика министрлігі Бәсекелестікті қорғау және дамыту комитеті төрағасының бұйрығымен Сағындық Ерғалиев облыстық департаментке басшы болып тағайындалды.

Сағындық Ерғалиев 1976 жылы туған, білімі жоғары. 1999 жылы Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы университетін экономист-менеджер мамандығы бойынша тәмәмдаған. Еңбек жолын 2001 жылы Батыс Қазақстан облысында қаржы бөлімінің бас экономисі болып бастаған.

Әртүрлі жылдар «ҚР бәсекелестікті қорғау агенттігінің Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстары бойынша өңіраралық инспекциясы» ММ БҚО аумақтық бөлімінің бастығы, «ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті» РММ басшысының орынбасары қызметтерін атқарды.

Ақтөбе облысы әкімінің өкімімен облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы лауазымына Евгений Гончаров тағайындалды. 38 жастағы Евгений Гончаров 2004 жылы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін «Дене шынықтыру, спорт жаттықтырушысы», 2016 жылы Орынбор мемлекеттік университетін «Мемлекеттік және муниципалды басқару» мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын ОБЖСМ велоспорт жаттықтырушысы болып бастаған. 2015 жылдан Ақтөбе қалалық дене тәрбиесі және спорт бөлімінің басшысы болып қызмет атқарды. Ол гір көтеруден 12 дүркін әлем чемпионы, 27 дүркін Қазақстан чемпионы болды. 2018 жылы Азия чемпионы атағын жеңіп алды. Азия мен Қазақстанның абсолютті рекордын орнатқан спортшы.










Жоғары қарай