Ауа райы
Нұр-Сұлтан 11 °С
Алматы 15 °С
валюта бағамы
USD 379.36
EUR 424.47
RUB 5.88
CNY 54.95

12 баланың анасы: Ешкімге қол жайған жоқпыз

2019 жылдың 19 сәуір 2019 17:45 741

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстанда жұмыс сапарымен жүрген вице-премьер Гүлшара Әбдіқалықова 12 балалы отбасына ат басын бұрды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

12 бала өсіріп отырған Черкашиндер отбасы Өскеменге былтыр ғана көшіп келген екен. Бұған дейін Алтай ауданында тұрыпты. Қазір облыс орталығындағы Аблакет кентінде тұрып жатыр.

«Жолдасым «Қазцинк» кәсіпорнында жұмыс істеді. Сондықтан жоқшылық көрген кезіміз жоқ. Ал мұнда келгелі жеке кәсіппен айналысып жүр. Үйіміз таудың етегінде. 0,2 гектар бақшамыз бар. Аздап ешкі ұстаймыз. Қыздар соны сауып, сүтін сатады. Ұлдар қорадан шықпайды. Баланың көп болғаны қолыңды жұмыстан босатады. Бұған дейін ешкімге қол жайған жоқпыз. Бұдан әрі де жайғызбай-ақ қойсын» - деді көпбалалы ана Евгения Черкашина.


null 

Отағасы үйді 12 балаға лайықтап, кеңейтіп жатқанын айтты. Жергілікті кәсіпкерлердің бірі сол үшін құрылыс материалдарын сатып әперген екен. 12 баланың бірі әкімдік ұсынған жеңілдікке сәйкес, Өскемендегі педагогикалық колледжде тегін білім алуда.

Гүлшара Әбдіқалықова аталмыш игілікті іске көмек ретінде  еңбекқор отбасыға 150 мың теңгенің қаржылай сертификатын табыстады.



null 

null 

null 

Еске сала кетейік, Гүлшара Әбдіқалықова қоныс тойын тойлап жатқан тағы бір өскемендік отбасыға көрімдік ретінде ақшалай сертификат табыстағандығы туралы хабарлаған болатынбыз.

Жоғары қарай