Ауа райы
Астана 24 °С
Алматы 25 °С
валюта бағамы
USD 386.80
EUR 429.27
RUB 5.78
CNY 54.89

11 тамыз күнгі ауа райы болжамы

2019 жылдың 11 тамыз 2019 06:19 86

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Жоғары атмосфералык кысым аумағының ықпалынан және оңтүстік құрғақ циклонның әсерінен 11 тамыз күні Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз күн райы сақталады. Республиканың тек батысында және солтүстік-батысында Мәскеу аумағынан келген циклонның ықпалымен найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Кей жерлерде жаңбыр қатты жауатыны күтіледі. Жекелеген өңірлерде екпінді жел, дауыл, бұршақ, солтүстікте тұман болжанады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазгидромет» РМК мәліметіне сәйкес, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде найзағай ойнап, дауыл тұрады, бұршақ жаууы мүмкін, жел 15-20, Атырау облысында екпіні 23-28 м/с күшейеді.

Күндіз Ақтөбе, Қостанай облыстарының кей жерлерінде найзағай күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.

Түркістан, Қызылорда облыстарының кей аумақтарында шаңды дауыл болып, желдің күші 15-20 м/с артады.

Жамбыл, күндіз Қарағанды, түнде Шығыс Қазақстан облыстарының жекелеген аумақтарында жел 15-20 м/с күшейеді.

Алматы облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 17-22 м/с жетеді.

Түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының, түнде Павлодар облысының кей жерлерін тұман басады.

Сондай-ақ күндіз Алматы, Жамбыл, Қостанай, Ақмола, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде қатты ыстық күтіледі.

Бұдан бөлек, Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Алматы, кей жерлерде Қарағанды, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Ақмола облыстарында өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Басты сөздер: Қазгидромет, Ауа райы,
Жоғары қарай