Ауа райы
Астана -19 °С
Алматы -7 °С
валюта бағамы
USD 386.44
EUR 428.37
RUB 6.06
CNY 54.93

11 млн қазақстандықтың жеке мәліметтерінің таралуына қатысты іс тергеліп жатыр - ІІМ

2019 жылдың 9 тамыз 2019 16:48

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандықтардың жеке мәліметтерінің таралуына қатысты ҚР Ішкі істер министрлігі тергеу жұмыстарын жүргізуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Ішкі істер министрлігіне шетелдік серверлерде қазақстандықтардың жеке деректерінің таралу фактісі бойынша шаралар қолдану туралы «ЦАРКА» (Кибер шабуылдарды тергеу және талдау орталығы) заңды тұлғалар бірлестігінен шағым түсті.

Осы ақпаратты тексеру үшін ішкі істер органдары ҚР ҚК 211-бабы 1-бөлігі (Қолжетімділігі шектелген электрондық ақпараттық ресурстарды құқыққа сыйымсыз тарату) бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын бастады», делінген хабарламада.

Министрліктің мәліметінше, қазіргі кезде аталған дерекқордың иелері мен деректерді таратқандарды анықтау бойынша жедел шаралар және тергеп-тексеру жүріп жатыр.

Еске сала кетсек, Еске сала кетсек, кеше «ЦАРКА» ЗТБ Facebook-тегі парақшасында 11 млн қазақстандықтың жеке мәліметтерінің таралуына қатысты ҚР ІІМ-нің ресми хатын жариялады. Айта кетерлігі, ҚР Орталық сайлау комиссиясы өз серверлерінен деректердің таралып кетуін жоққа шығарған болатын.
Басты сөздер: Қауіпсіздік, ҚР ІІМ, Интернет,
Жоғары қарай