Ауа райы
Астана 24 °С
Алматы 34 °С
валюта бағамы
USD 360.87
EUR 410.27
RUB 5.40
CNY 52.31

105 босқын мінген кеме суға батып кетті

2018 жылдың 19 шілде 2018 03:36 763

МЕРСИН. ҚазАқпарат - 102 босқын Түркияның Мерсин провинциясындағы Ташуджу портына жеткізілді, деп хабарлайды Анадолы агенттігі.

Түркия Республикасы Солтүстік  Кипр жағалауында суға батқан кемеден құтқарылған 102 босқын Мерсин провинциясындағы Ташуджу портына жеткізілді.

Бұдан басқа портқа кеменің атапқа ұшырауы салдарынан мерт болған 19 адамның денесі апарылған.

Зардап шеккендерге қажетті медициналық көмек көрсетіліп, Түрік Қызыл ай қоғамының өкілдері  тамақпен қамтамасыз етті.

Солтүстік Кипр жағалауындағы бұл - босқындар мінген судноның апаты  19 адамның өмірін қиып кетті, 103-і құтқарылған, ал 25-ке жуық адам із-түзсіз жоғалған.

 Жағалау күзетінің хабарлауынша, бортында 150 босқын бар кеме апаты Ени Эренкей  қаласы жағалауында болды. 

 

 

Басты сөздер: Оқиға, Түркия,
Жоғары қарай