Ауа райы
Астана 13 °С
Алматы 23 °С
валюта бағамы
USD 389.52
EUR 429.21
RUB 6.07
CNY 54.94

10 сәуір күні Қазақстанда өтетін маңызды шаралар

2019 жылдың 9 сәуір 2019 20:33

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігі Қазақстанда 10 сәуірде өтетін маңызды шараларға шолуды ұсынады.

НҰР-СҰЛТАН

9.00-де Hilton Garden Inn қонақ үйінің мәжіліс залында Шығыс Еуропа, Кавказ және Орталық Азия елдері үшін «EUMETSAT ақпараттық күні» халықаралық конференциясы өтеді.

10.00-де Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комитетінің ашық отырысы басталады.

10.00-де ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысы басталады.

11.00-де ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында Қазақстан халқы Ассамблеясының кеңейтілген отырысы өтеді.

11.00-де Ұлттық музейде Қытай мен Қазақстан ынытмақтастығына арналған фотокөрме өтеді.

12.00-де №2 көпбейінді қалалық аурухана базасында жоғары қауіп-қатерлі топтағы жүкті әйелдерге арналған Емдеу-диагностикалық орталығы ашылады.

14.30-да Нұр-сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз орталығында «BI Marathon 2019» тақырыбында баспасөз мәслихаты өтеді.

15.00-де «Сарыарқа» ауданының аумақтық полиция басқармасында полиция қызметкерлері азаматтардан тіркелмеген қаруды сатып алу шарасын өткізеді.

15.00-де Оқушылар сарайында ғарыш тақырыбына арналған сабақ өтеді.

15.00-де Тілеп Қобыз Сарайында «Бабалар ізімен» ғылыми экспедициясының жалғасуы туралы баспасөз мәслихаты өтеді.

15.30-де Нұр Отан партиясының орталық ғимаратында Жастар жылын өткізуді бақылау бойынша қоғамдық кеңестің отырысы өтеді.

16.00-де астаналық әкімдікте Ардагерлердің орталық кеңесінің кеңейтілген отырысы өтеді.

17.00-де ҚР Ұлттық музейінде француз фотосуретшісі Эрик Ваззолердің «Саржалдың жарқын жастары» фотокөрмесі өтеді.

АЛМАТЫ

10.00-де әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Рухани жаңғыру бағдарламасының екі жылдығына арналған «Ұлы даланың мәдени ескерткіштері, белгілері және артефактілері» халықаралық ғылыми конференция өтеді.

11.00-де «Арман» кинотеатрында «Бүгінгі француз киносы» Х кинофестивалінің ашылуына арналған баспасөз мәслихаты өтеді.

11.00-де Алматы туристік хабында «туризм мен саяхат» KITF 2019 халықаралық көрмесі қарсаңында «Көрме шаралары Қазақстандағы ішкі туризмін және сыртқы туризмді дамыту құралы ретінде» атты пресс-брифинг өтеді.

Жоғары қарай