Ауа райы
Астана -6 °С
Алматы 4 °С
валюта бағамы
USD 445.84
EUR 490.47
RUB 5.73
CNY 62.87

1 теңге қарыз болса, жарықтан ажыратыла ма - АлматыЭнергоСбыт түсінік берді

2020 жылдың 28 ақпан 2020 16:25

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС тұтынушылардың электр энергиясына бір теңге қарызы болса, жарықтан ажыратылады деген ақпаратқа түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

2020 жылдың 24 ақпанында ҚР Энергетика министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Энергетика министрінің №43 бұйрығы күшіне енді, онда электр энергиясын пайдалану ережелеріне қатысты түзетулер бекітілді.

Компания баспасөз қызметінің хабарлауынша, электр энергиясы үшін төлемді уақтылы төлеп отырған тұтынушылар жарықтан ажыратылмайды. Сонымен қатар, қарызы барларға міндетті түрде берешегі туралы хабарлама жіберіледі. Тек содан кейін ғана жарық беру тоқтатылады.

«АлматыЭнергоСбыт» ЖШС қалыптасқан қарызы бар тұтынушыларға ескертуді телефон қоңыраулары мен хабарламалар арқылы және сотқа дейінгі шағымдар бойынша жеткізеді. Белгіленген уақытта төлем жасалмаса, тұтынушы электр қуатынан ажыратылады. Егер одан кейін де төлемесе онда талап күшейтіледі. Яғни, сот шешімімен елден шығуға тыйым салынып, мүлкі тәркіленеді, банктік шоттары бұғатталады. Сонымен қатар, нотариалдық және сот шығындарын тұтынушы төлейтін болады», деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, сөндірілген жағдайда қайта қосылу құны пәтерде тұратын жеке тұлғалар үшін 6 730 теңге, жеке үйде тұратын тұлғаларға - 10 115 теңге, заңды тұлғаларға – 11 606 теңге.

Бұған дейін Қазақстанда бір теңге қарызы үшін электр энергиясынан ажыратылатыны туралы хабарланған болатын.



Жоғары қарай