Ауа райы
Астана 16 °С
Алматы 24 °С
валюта бағамы
USD 384.87
EUR 432.52
RUB 6.11
CNY 55.95

1 шілдеден бастап әлеуметтік қызметтер порталы іске қосылады

2019 жылдың 19 маусым 2019 18:06 698

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2019 жылдың 1 шілдесінде Әлеуметтік қызметтер порталы пилотты түрде іске қосылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің орынбасары Светлана Жақыпова айтып берді.

«2019 жылдың 1 шілдесінде порталдың бірінші кезеңі іске қосылады, онда адам әлеуметтік қызмет көрсететін ұйымды таңдай алады. Ең алдымен бұл жоба Ақтөбе қаласында қолданысқа енеді. Себебі, бізде отбасыға кешенді көмек көрсететін цифрлық шешімдер өте көп.  Әлеуметтік карта бұл жобаларды жүзеге асыруда маңызды рөл атқарады. Ақтөбе облысы E-halyk ақпараттық жүйесін жүзеге асыруға дайын екенін көрсетті. Аталған факторларды ескере отырып, Ақтөбе облысы мақұлданды», - деді С. Жақыпова Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, пилоттық жоба сәтті жүзеге асырылса, қараша-желтоқсан айларында портал Қазақстан бойынша толық іске қосылады. Ал 2020 жылдың 1 қаңтарында портал мүлтіксіз жұмыс істеуі қажет.

«Әлеуметтік қызметтер порталын іске қосу үшін бірқатар заңнамалық актілерге өзгерістер енгізу қажет. Бұл түзетулер дайын тұр. Әсіресе жыл соңына дейін мемлекеттік сатып алулар туралы, мүгедектерге әлеуметтік көмек туралы, жергілікті мемлекеттік туралы заңдарға өзгерістер енгізу қажет. Қазір мемлекеттік органдармен келіссөздер жүріп жатыр», - деді вице-министр.

Айта кетейік, әлеуметтік қызметтер порталы мүмкіндігі шектеулі жандарды оңалтуға арналған техникалық құралдарды сатып алуға мүмкіндік береді. 

Бүгінде Қазақстанда 685 мыңнан астам мүгедектігі бар адамдар өмір сүреді, оның 421 мыңы - еңбекке қабілетті жаста, 176 мыңы - зейнет жасында ал 18 жасқа дейінгі балалар саны - 88 мың.

 

 

Жоғары қарай