Ауа райы
Астана -1 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 384.63
EUR 427.98
RUB 6.08
CNY 54.68

1 мыңнан астам шетелдік Қазақстан азаматтығын алуға ниет білдірді

2019 жылдың 19 қараша 2019 17:53

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Азаматтық мәселелері жөніндегі комиссияның отырысы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.

Бүгін Ақордада Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Азаматтық мәселелері жөніндегі комиссияның отырысы өтті.

Отырыста Қазақстан азаматтығын алуға және одан шығуға ниет білдірген тұлғалардың өтініштері қаралды.

Комиссия отырысының қорытындысы бойынша Мемлекет басшысының қарауына ТМД елдері және алыс шет елдерден келген 1 084 түрлі ұлт өкілдерінің еліміздің азаматтығын қабылдау туралы ұсынысы енгізілді.

Сонымен қатар көші-қон саясатының басқа да мәселелері қаралып, тиісті шешімдер қабылданды.

Жоғары қарай