Ауа райы
Астана 19 °С
Алматы 35 °С
валюта бағамы
USD 397.56
EUR 445.94
RUB 5.82
CNY 55.96

1 маусымнан бастап елордадағы балабақшалар қалыпты жағдайда жұмыс істейді

2020 жылдың 22 мамыр 2020 11:26

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 1 маусымнан бастап елордадағы балабақшалар мен қосымша білім беру ұйымының бәрі қалыпты жағдайда жұмысын бастайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«18 мамырдан бастап меншік нысанына қарамастан барлық мектепке дейінгі ұйымдар санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, өз жұмыстарын бірінші кезекте баланы үйде қалдыруға мүмкіндігі жоқ, жұмыс істейтін ата-аналар үшін, ата-аналардың қалауы бойынша «кезекші топтар» режимінде қайта бастады. Бүгінгі күні балабақшаларда балалар саны – 4134. Бұл – жалпы балалардың 7,4 пайызы», - деді Нұр-Сұлтан қаласының білім басқармасының басшысы Шолпан Қадырова Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Facebook парақшасында онлайн режимде өткен баспасөз мәслихатында.

Басқарма басшысының айтуынша, 1 маусымнан бастап барлық балабақша мен қосымша білім беру ұйымы штаттық режимде, яғни қалыпты жағдайда жұмыстарын қайта бастауды жоспарлап отыр. Сонымен қатар мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы даярлық топтары 1 тамызға дейін балабақшаға барады.


Автор Аян Бекенұлы
Басты сөздер: Нұр-Сұлтан, Білім, Карантин,
Жоғары қарай