Ауа райы
Астана 7 °С
Алматы 8 °С
валюта бағамы
USD 389.98
EUR 434.01
RUB 6.10
CNY 55.04

1 мамыр күні Қазақстанда өтетін маңызды шараларға шолу

2019 жылдың 30 сәуір 2019 19:50

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігі Қазақстанда 1 мамыр - Бірлік күні өтетін маңызды шаралар шолуын ұсынады.

НҰР-СҰЛТАН

Сағат 10.00-де Қазақ елі алаңында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған іс-шара өтеді.

Сағат 10.00-де «Эйр Астана» әуе компаниясы Нұрсұлтан Назарбаев әуежайының VIP/CIP залында «FlyArystan» әуе компаниясының алғашқы рейсіне байланысты баспасөз мәслихатын өткізеді.

Сағат 15.00-де «Барыс-Арена» мұз айдынының бассейнінде «Нұр-Сұлтан - есірткісіз қала» ұранымен жүзуден Қазақстан Республикасы чемпионатының салтанатты ашылуы болады.

АЛМАТЫ

Сағат 10.00-де Абай алаңында Қазақстан халқының бірлігі күні мерекеленеді. Іс-шара аясында гала-концерт өтеді.

Автор Аян Бекенұлы
Басты сөздер: Қоғам,
Жоғары қарай