Ауа райы
Нұр-Сұлтан 18 °С
Алматы 27 °С
валюта бағамы
USD 383.43
EUR 429.83
RUB 5.96
CNY 55.39

1 қыркүйекке дейін жемқорлыққа қарсы реформалар топтамасы дайындалады

2019 жылдың 12 маусым 2019 12:22 1252

 НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүйелі жұмыс жүргіземіз.  Бұл туралы Тәуелсіздік сарайындағы ұлықтау рәсімінде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сыбайлас жемқорлықты жою мәселесіне тоқталған Президент, «1 қыркүйекке дейін жемқорлықтың деңгейін мейлінше төмендетуге бағытталған реформалар топтамасы дайындалады. Жемқорлық - мемлекеттің дамуын тежейтін кесел", - деп ерекше атап өтті. 

"Бұл қоғамдағы өзара сенімге, жалпы мемлекетіміздің қауіпсіздігіне қатер төндіретін құбылыс. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүйелі жұмыс жүргіземіз», - деді Мемлекет басшысы. 

 

 

Жоғары қарай