Ауа райы
Нұр-Сұлтан 11 °С
Алматы 12 °С
валюта бағамы
USD 378.56
EUR 424.44
RUB 5.91
CNY 56.36

1,8 млн теңгенің самаурынын Ресейге алып өтпек болған қазақстандық ұсталды

2019 жылдың 19 наурыз 2019 10:24 585

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбелік шекарашылар құжатсыз самаурындарымен Ресей аумағына өтпек болған Қазақстан азаматын ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ұлттық қауіпсізідк комитетінің шекара қызметіне сілтеме жасап.

«Ақтөбе шекара жасағына қарасты Жайсаң бөлімшесінде «ВАНХОЛ» автокөлігін мінген 35 жастағы қазақстандық ұсталды. Оның автокөлігінен ешқандай ілеспе құжаты жоқ самаурындар табылды. Түсті металл сынықтары ретінде әкетіліп бара жатқан самаурындардың жалпы салмағы - 861 килограмм» делінген хабарламада.

Шекарашылардың мәліметінше, бұл самаурындардың металл сынығы ретіндегі құны - 1 млн 845 мың теңге.

 

 

Жоғары қарай