

Мирас Мұқаш «AQTÓBE» телеарнасының директоры болды
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің кеңесшісі болған Мирас Мұқаш «Қазақстан» Республикалық телерадиокешені» АҚ Ақтөбе облыстық филиалы «AQTÓBE» телеарнасының директоры болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


Германиямен білім беру саласындағы ынтымақтастықты жалғастыра береміз - Тоқаев
БЕРЛИН. ҚазАқпарат – Германиямен білім беру саласындағы ынтымақтастықты алдағы уақытта да жалғастыра береміз. Бұл туралы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Германия Канцлері Ангела Меркельмен БАҚ өкілдеріне өткізген бірлескен баспасөз мәслихатында мәлім етті. ҚазАқпарат бұл туралы Ақордаға сілтеме жасап хабарлайды.

Меркель: Германия Қазақстанмен ынтымақтастықты нығайтуға мүдделі
БЕРЛИН. ҚазАқпарат – Германия Қазақстанмен ынтымақтастықты нығайтуға мүдделі. Бұл туралы Қазақстан Президентімен келіссөздер қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихатында ГФР Канцлері Ангела Меркель мәлім етті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.



Беларусьте Президент Әкімшілігінің басшысы мен оның орынбасары ауысты
МИНСК. БЕЛТА – ҚазАқпарат – Беларусь президенті Александр Лукашенко Президент Әкімшілігі басшысы қызметіне Игорь Сергеенконы, ал оның орынбасары лауазымына Ольга Чупристі тағайындау туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат БЕЛТА-ға сілтеме жасап.


ҚР Президенті: Германияға сапарымның мақсаты – елдеріміз ынтымақтастығына қосымша серпін беру
БЕРЛИН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Германияға ресми сапарының мақсаты – экономикалық ынтымақтастық пен мемлекеттер арасындағы саяси өзара іс-қимылға қосымша серпін беру. Бұл туралы Қазақстан Президенті Германия Канцлерімен болған келіссөздерден кейінгі баспасөз мәслихатында айтты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА меншікті тілшісі.

Мемлекеттік қызмет туралы заңға қандай өзгерістер енгізілді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаментінің басшысы Сәрсен Жандос осы жылдың 26 қарашасында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңға енгізілген өзгерістерді түсіндіріп берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақмола облысында қылмыстық топ жарылғыш заттарды ұрлап, сатып келген
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті өңірде жарылғыш заттарды ұрлаумен және оны заңсыз сатумен айналысқан қылмыстық топты ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мүгедек студентті автобустан түсіріп кеткен жүргізуші жұмысқа қайта алынды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордада мүгедек колледж студентін аязды күні автобустан түсіріп кеткен жүргізуші жұмысына қайта кірісті. Бұл жайында «Астана LRT» ЖШС-нің басқарма төрағасы Бекмырза Игенбердинов желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматыда «Дені сау бала – ұлт болашағы» атты халықаралық конференция өтіп жатыр
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыдағы С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінде «Дені сау бала – ұлт болашағы», «Педиатриялық ғылымның интеграциясы, білім және тәжірибе» тақырыбында екі бірдей халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жеңіс Қасымбек қарағандылықтарды өз балаларын тыңдай білуге шақырды
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек жасөспірімдер арасындағы суицид мәселесіне алаңдаушылық білдірді. Білім басқармасының мәліметтеріне сәйкес, жыл басынан бері өңірде кәмелетке толмаған 20 бала өз өмірін қимақшы болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.


Асқар Мамин Қазығұрт ауданында жаңа зауыттың ашылу рәсіміне қатысты
ҚАЗЫҒҰРТ. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Түркістан облысына сапары барысында жаңа зауыттың ашылу рәсіміне қатысты. Қазығұрт ауданы Майлыошақ ауылынан салынған зауытта жылдам әзірленетін тамақ өнімдері шығарылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


«Байқоңырды» жалға беру шартының талаптары өзгерді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Парламент Сенаты Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің кеңейтілген отырысында «1994 жылғы 10 желтоқсандағы ҚР Үкіметі мен РФ Үкіметі арасындағы «Байқоңыр» кешенін жалға беру шартына өзгеріс енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасы қаралды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Елімізде ипотекасын төлей алмағандарды жалғыз баспанасынан мәжбүрлеп шығаруға тыйым салынбақ
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда проблемасы бар қарыз алушыны жалғыз баспанасынан мәжбүрлеп шығаруға тыйым салынбақ. Бұл жайында ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің Мәжіліс депутаттарының ресми сауалына берген жауабында айтылған, деп хабаралайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан мен Кипр арасында қосарланған салықты болдырмау туралы құжат мақұлданды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында «Қазақстан Үкіметі мен Кипр Үкіметі арасындағы табысқа салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы конвенцияны және оған Хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасы мақұлданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қарағандыда қандастар арасында баскетболдан халықаралық турнир өтті
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қарағанды қаласында Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы және «Ата жұрт» Республикалық қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Жастар жылы» аясында баскетболдан ерлер арасында «Достық» турнирі өтті, деп хабарлайды Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Электр энергиясына сараланған тариф енгізіле ме – бірінші вице-премьер жауабы
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда электр энергиясына сараланған тариф енгізілмейді. Бұл жайында Мәжіліс депутаттарының ресми сауалына ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Роман Склярдің жауабында айтылған, деп хабаралайды ҚазАқпарат тілшісі.



Оңалту және банкроттық рәсімдерді қолдану жағдайлары жеңілдетіледі
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Парламент Сенатының жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне оңалту және банкроттық рәсімдерін, бюджеттік, салық заңнамасын және теміржол көлігі туралы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ары қарай

Мұрағат
Жоғары қарай