Weather
Astana 3 °С
Almaty 18 °С
Exchange rates
USD 389.81
EUR 430.27
RUB 6.06
CNY 54.91

«Қазавтожол» филиалының басшылары 500 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді

18 June 2019 14:10

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Қазавтожол» ҰК» АҚ Маңғыстау облысындағы филиалының директоры мен орынбасарлары бірнеше рет пара алу, бюджет ақшасын жымқыру күдігіне ілінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне сілтеме жасап.

Олар Маңғыстау облысындағы автожолдардың құрылысы кезінде орындалған жұмыс туралы құжаттарға кедергісіз қол қойғаны үшін мердігер ұйымдардан жүйелі түрде 6 млн теңге пара алды деген күдікке ілініп отыр.

Тергеу нұсқасына сай, аталған топ орындалған жұмыс туралы жалған құжаттарды толтыру арқылы 500 млн теңге көлеміндегі бюджет қаражатын жымқырған.

«Қазавтожол» ҰК» АҚ Маңғыстау облысындағы филиалының басшылары уақытша оқшаулағышқа қамалды. Тергеу амалдары жалғасуда. Күдіктілерге қатысты соңғы кесім сотта шығарылады.

Up